ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Павлодар мектебінде өткен ерлік сабағы
11-04-2022 10:15
Павлодар мектебінде өткен ерлік сабағы

«Айбынды әскер» республикалық әскери-патриоттық акциясы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына 30 жыл толуына орай Қазақстанның бірнеше өңірінде іске қосылды. Оны Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ақпараттық-түсіндіру тобы ұйымдастырды. Мақсаты - әскери қызметтің беделін арттыру және жастарды әскери борышын орындауға ынталандыру.

Павлодарлық әскери қызметкерлер өңір жастарын әскери қызметке тарту мақсатында патриоттық акцияға қосылды. Облыстық іс-шаралар аясында № 14 ЖОМ-да «Ерлік сабағы» өткізілді. «Қазақстандықтар - Ұлы Отан соғысының батырлары» тақырыбындағы сабақ Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі, облыстық Қорғаныс департаменті өкілдерінің, әскери қызмет ардагерінің қатысуымен қала мектептерінің 9 - 11 сынып оқушыларымен өткізілді.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Генерал-майоры Мұқан Естайұлы Дүйсекеев Қазақстанның Қарулы Күштері қатарында қызмет ету мәселелеріне тоқталып, әскери мамандық - бұл өте құрметті, жауапты және еліміздің тәуелсіздігін қамтамасыз ету жастарға байланысты екенін атап өтті. Облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығы полковник Бейсен Негматұлы Жақып, полковник, әскери қызмет ардагері Мұқан Негметұлы Есімов Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандық жауынгерлердің ерлігі туралы айтып берді.

Оқушылар қонақтарға Қазақстанның батырлар тарихын, жау шапқыншылығы кезіндегі Отанымызды қорғаған атақты батырларды, Ұлы Отан соғысының батырлары туралы білімдерімен бөлісті. Қонақтар мектептің Әскери даңқ мұражайына барды. Мектеп директоры генералға облыстағы іздеу қозғалысының негізін қалаушы Камзин Жұмабек Жүкенұлының іздеу жасағының жұмысы туралы «Есте сақталсын» кітабын табыс етті.