ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Кішкентай зерттеушілер өздерінің шығармашылық жұмыстарын таныстырды
17-05-2022 09:58
Кішкентай зерттеушілер өздерінің шығармашылық  жұмыстарын таныстырды

    Павлодар қаласының білім беру бөлімі мектеп жасына дейінгі балалар арасында «Мен - зерттеушімін» - «Я, исследователь» республикалық байқаудың қалалық кезеңін өткізді. Байқаудың мақсаты - зияткерлік, шығармашылық дамуды, қоршаған әлемді тануға деген қызығушылықты қалыптастыру, көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. Байқауға № 5, 8, 24, 43, 51, 96 балабақшалардың 25-тен астам тәрбиеленушілері қатысты.

    Байқауға мектеп жасына дейінгі балалар судың, магниттің қасиеттері, халықтардың дәстүрлері мен мерекелері туралы, «Газдалған сусындар: пайдасы мен зияны», «Ою-өрнектер жұмбағы», «Қасиетті су», «Таңғажайып Танграм елінде» тақырыптарында эксперименттер жүргізу туралы жазбалармен бейнематериалдар ұсынды. Зерттеу қалай жүргізілді, қандай әдістер мен құралдар қолданылды, қандай нәтижелер алынды, қорытындылар жасалды, тақырып неге қызығушылық тудырды, болашақта қандай зерттеулер жүргізгісі келетіні түсіндірілді.

    Байқау қорытындысы бойынша № 24 балабақшаның тәрбиеленушісі Лихтенфельд Артемнің «Газдалған сусындар: пайдасы мен зияны» жұмысы үздік деп танылды, жоба жетекшісі Татьяна Романовна Дейбух. Өз жұмысында ол «Кока-кола» сусынының құрамы мен қасиеттері туралы егжей-тегжейлі айтып берді және бұл өнімді көп мөлшерде пайдаланбауға кеңес берді.

   II орынды «Магниттің қасиеттері» жұмысы үшін № 8 балабақшаның тәрбиеленушілері Серигжан Алпамыс, Мейрам Мейрлан, Уәлихан Нұрайым, «Қасиетті су» жұмысы үшін № 51 балабақшаның тәрбиеленушілері Мещанинов Артем, Малько Ангелина, Жашенова Карина иеленді.

   III орынды «Ою - өрнектер жұмбағы» жұмысы үшін № 8 сәбилер балабақшасының тәрбиеленушілері Олжа Ақберен, Амренова Кәусар, Асылбеков Дәуіт, «Қазақстандағы және ағылшын тілді елдердегі бірегей мерекелер» жұмысы үшін № 96 сәбилер балабақшасының мектепалды тобының тәрбиеленушілері иеленді. Байқаудың облыстық кезеңінде Лихтенфельд Артем өнер көрсетеді.