ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Балалардың графикалық суреттеріндегі ертегілер әлемі
17-05-2022 10:53
Балалардың графикалық суреттеріндегі ертегілер әлемі

Қазақстан Республикасындағы балалар жылына арналған X облыстық графика байқауына облыстың 12 оқу орнының 76 жұмысы ұсынылды. Жыл сайынғы байқау Павлодар қаласының балалар көркемсурет мектебі қызметі жобаларының бірі болып табылады және облыстың дарынды балаларын қолдау, балалардың бейнелеу шығармашылығын насихаттау және көтермелеу мақсатында өткізіледі. Биылғы байқаудың тақырыбы «Ертегі біздің өмірімізде», «Балалар ертегілері әлеміне саяхат», жұмыстар мектептегі көрмеде ұсынылды және мамыр айының соңына дейін жалғасады.

Жүлделі орындарға 34 қатысушы ие болды, оның ішінде 9 дипломант - І, ІІ, ІІІ дәрежеге ие болды, ал 25-і дипломат атанды.

- «Графика» техникасы балалар үшін қызықты, өйткені оның көптеген түрлері бар және түрлі-түсті қарындаштар, фломастерлер, пастельдер, гель қаламдар сияқты әртүрлі материалдарды қолдануға болады. Көптеген жас суретшілер сурет салу үшін графиканы таңдайды, сондықтан байқауға осы жанр таңдалды, - дейді мектеп директоры Мағзамова Ләйлә Мүкәрәмқызы.

Көрмеде І дәрежелі дипломант, Баянауыл ауылындағы Ж. Мұса атындағы балалар өнер мектебінің 7 - 9 жас аралығындағы оқушысы Шакрат Жасынның («Крошечка - Хаврошечка» суреті), Павлодар қаласы балалар көркемсурет мектебінің оқушылары ІІ дәрежелі дипломант Исабекова Айлиннің («Орман өмірі»), ІІІ дәрежелі дипломант Цыганко Варвараның («Ертегі бақшасында») жұмыстарын көруге болады.

10 - 13 жас аралығында - Павлодар қаласы балалар көркемөнер мектебінің оқушысы Басепова Жанельдің («Менің ертегі күнім»), Баянауыл ауылындағы Ж. Мұса атындағы балалар өнер мектебінің оқушысы ІІ дәрежелі дипломант Сейлбек Айсанының, («Батыр Толағай» суреті), Железинка ауылы балалар өнер мектебінің оқушысы III дәрежелі дипломант Дерунов Антонның («Бұлбұл және раушан») жұмыстарын көруге болады.

14 - 17 жас аралығында - Павлодар қаласы балалар көркемөнер мектебінің оқушысы, І дәрежелі дипломант Левадная Ясминаның («Орманның гүлбағында»), Ақсу қаласы балалар өнер мектебінің оқушысы, ІІ дәрежелі дипломант Диков Александрдың («Алиса Селезнева»), Екібастұз қаласы балалар көркемсурет мектебінің оқушысы, ІІІ дәрежелі дипломант Әбілқасенова Салтанаттың («Жаңа жылдық ертегі») жұмыстарын көруге болады.