Жаз мезгіліндегі балалардың демалыстағы бос уақытын қамту мақсатында 2022 жылғы 28 мамырда 10-ға жуық балалар ауласы мен алаңдарында, қалалық саябақта, клубтардың ауласында «Менің аулам». қалалық акциясы өтті. Ұйымдастырушылар: Павлодар қаласы білім беру бөлімі, «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубтары мен қала мектептері бірлесе отырып.
- «Менің аулам» акциясы қаланың 10 түрлі жерінде өтті, бағдарламаға концерттік бағдарлама, ойындар, эстафеталар, спорттық-ойын-сауық ойындар кірді, әр бала назардан тыс қалмады, қатысты - дейді Гүлнар Қайыргелдіқызы, «Жігер» клубының жетекшісі.
Акция кезінде келесі алаңдардың аумағында шаралар өткізілді № 39 ЖОББМ алаңында – «Жігер», «Бірлік» клубтары тәрбиеленушілерінің және № 39 ЖОМ оқушыларының және шағын ауданның 70-тен астам балалардың қатысуымен, № 21 ЖОМ алаң аумағында қатысуымен «Эмералд» клубының тәрбиеленушілері мен № 21 ЖОМ оқушыларының қатысуымен.
«Азат» клубының ауласында, Дерибас көшесі,12/2 мекенжайы бойынша 300-ден астам «Сауран» клубының тәрбиеленушілері мен № 23, 18, 2, 27, 41, 5 мектептердің оқушылары қатысты.
«Айналайын», «Дос» клубтарының тәрбиеленушілері мен № 4 ЖОМ оқушыларына ұйымдастырылған алаңы Катаев көшесі, 87-91 үйлерінің ауласында, «Балшуак» клубынының тәрбиеленушілері мен № 14 ЖОМ оқушыларына - Катаев, 36/2 мекен-жайы бойынша орналасқан үйдің ауласында, «Болашақ», «Марафон» клубтарының тәрбиеленушілері үшін және № 28 ЖОМ оқушыларына - Торайғыров, 14 мекен-жайы бойынша үйдің ауласында, «Жас Толқын» клубының тәрбиеленушілеріне № 42 ЖОМ оқушыларына - Майра көшесіндегі үйлердің ауласында жалпы 1500-ден астам балалар қатысты.
Байдалы ауылындағы алаңда 50-ден астам оқушылар мен «Жас қанат» клубының тәрбиеленушілері жиналды. Металлург саябағында «Өркен» клубының тәрбиеленушілері және № 37 ЖОМ оқушылары жиналды, а «Дива-Диван» дүкенінің алдындағы алаңда Естай көшесі, 56/1 - «Сәлем», «Рақым» клубтарының тәрбиеленушілері және № 7, 6, 11 мектептерінің оқушылары қатысты.
Осы ұйымдастырылған 10 алаңда 2000-нан астам акция қатысушылары мен оқушылар, ата-аналары балалық шағында ойнаған ойындармен танысты. Олардың ішінде «Мысық пен тышқан», «Перекати поле», «Саңырау телефон». «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубтарының педагогтары қала мектептері мұғалімдерімен бірлесіп «Менің аулам» атты спорттық ойын-сауық іс-шарасын өткізді - концерттік бағдарлама, қозғалыстағы ойындар «Мені таңда», «Биле, биле», «Айна», доппен және скакалкамен эстафеталар, ата-аналардың қатысуымен өтті. Акция мерекелік би кешімен және «Мен сияқты жаса» - «Делай как Я» флэшмобымен жалғасты.
-Мұндай акциялар балаларды жақындастырады, балаларымыздың қуанғанын көріп, ата-анасы ретінде біздің жүрегіміз бақыт пен қуанышқа толады,- дейді Валерия № 24 мектеп оқушысының анасы.