ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қала оқушыларының тау туризмі бойынша жетістігі
06-06-2022 12:50
Қала оқушыларының тау туризмі бойынша жетістігі

   Баянауыл ұлттық табиғи саябағында тау туризмі бойынша туристік көпсайыстан облыс чемпионаты өтті. Жарыс «Ересектер» - 19 жас және одан жоғары, «Юниорлер» - 15 - 18 жас, «Жас өспірімдер» - 14 жас және одан кіші жас топтары бойынша өткізілді. «Жас өспірімдер» жас санаттары бойынша «А» класс - тәжірибелі спортшылар, «В» класс - тәжірибесі аз спортшылар, «С» - жаңадан бастаған спортшылар болып бөлінді. Чемпионат қабарлығы 180-нен астам спортшы, оның ішінде Павлодар қаласының экология және туризм орталығының 95 тәрбиеленушісі қатысты. Чемпионаттың ұйымдастырушысы облыстың дене шынықтыру және спорт басқармасы болып табылады.

   Жарыс бағдарламасында: «Техникалық», «Командалық», «Байламдар» қашықтық жарыстары болды. Қатысушылар өрмелеу және арнайы жабдықтарды қолдану бойынша маршруттардан өту дағдыларын көрсетті. 3 күн бойы қатысушылар шатырларда тұрып, өздері отқа тамақ дайындады.

   Жарыс қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте ересектер арасында I орынды «Павлодар құрама» командасы, жас өспірімдер арасында «А» класында «Павлодар құрама» командасы, «В» класында «Эдельвейс» командасы, «С» класында «Искра» командасы, «Юниорлер» арасында «Павлодар құрама» командасы чемпион атанды.

   - Барлық қатысушылар өте тырысты, оның ішінде кішкентай спортшылар - 18 командадан тұрды, олардың арасында тәжірибелі спортшылар мен жаңадан келген спортшылар да болды. Кішкентай спортшылар туристік техниканың күрделі элементтерін меңгеріп, қойылған міндетті орындай алды, - дейді Павлодар балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығының педагогі Оксана Владимировна Дьяченко.

   Жалпы экология және туризм орталығының тәрбиеленушілері 55 жүлделі орынға ие болды, оның ішінде I орын - 22, II орын - 19, III орын - 14. Барлық жүлдегерлер облыстың дене шынықтыру және спорт басқармасының грамоталарымен және медальдарымен марапатталды.