ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Педагогикалық дуэт - 2022» облыстық байқаудың II кезеңінің қорытындысы
16-06-2022 09:40
«Педагогикалық дуэт - 2022» облыстық байқаудың II кезеңінің қорытындысы

Облыстық «Педагогикалық дуэт - 2022» байқауының іріктеу турының II кезеңінде 2022 жылдың 1 - 14 маусым аралығында 29 педагогикалық дуэттің жас педагогтердің Е-портфолиосы қаралды. Мақсаты - тәлімгерліктің беделін арттыру, шығармашылықпен жұмыс істейтін жас мамандарды қолдау, облыстың білім беру жүйесінде тәлімгерліктің жұмыс тәжірибесін тарату.

Жас педагогтің Е-портфолиосында «XXI ғасырдың заманауи педагогі» атты эссе, «Менің білім берудегі бастамам» бірлескен білім беру жобасы ұсынылды.

Іріктеу турының II кезеңінің қорытындысы бойынша байқаудың финалына облыстың 15 қатысушысы өтті, оның ішінде жас педагогтер мен Павлодар қаласының жалпы білім беретін мектептерінің тәлімгерлері Четверик София Юрьевна, № 16 лицей-мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, тәлімгер Казкенова Гүлнара Еркінқызы, Қасен Үмітжан Нұртайқызы, № 21 ЖОМ география пәнінің мұғалімі, тәлімгер Оспанова Асия Баяхметқызы, Ткешова Эльнура Мұратқызы, № 41 ЖОМ математика пәнінің мұғалімі, тәлімгер Калиева Розангүл Еркенқызы.

«Табысқа апарар жол» кәсіби шеберлік байқауының финалы 2022 жылдың 17 маусымында офлайн форматта өтеді. Қатысушылар өзін-өзі таныстырып және білім беру жобасын қорғауды.