ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жас әртістердің ертегі қойылымдары
22-06-2022 10:10
Жас әртістердің ертегі қойылымдары

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты  қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығының «Жайдарлы жаз» жазғы бағдарламасы аясында 15 маусым күні Орталық мәдениет және демалыс саябағында «Ертегілер әлеміне саяхат» - «Путешествие в мир сказок» атты ертегі қойылымдары өткізілді.  № 1, 2, 6, 7, 11, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 24, 25,26, 28, 29, 34, 35, 36, 37, 39, 41, 43, К. Макпалеев, К. Бекхожин, Кенжекөл, Жетекші жалпы білім беретін мектептердің  1 - 5 сыныптарынан 261 оқушы қатысты.

Мектеп оқушылары көрермендерге «Красная шапочка», «Бауырсақ», «Репка», «Буренка», «Муха Цокотуха», «Мақта қыз», «Приключение в городе Рацион», «Көкөністер  дауы», «Помоги дракону», «Алдар Көсе», «Курочка Ряба» ертегілерінің театрландырылған қойылымдарын көрсетті. Көрсетілім барысында сүйікті ертегі кейіпкерлеріне айналды, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде кейіпкерлерді сахналады, ашық костюмдер, музыкалық сүйемелдеу таңдалды. Көрермендерге  қызықты болды, барлығы қол шапалақтады.

      Байқау қорытындысы бойынша I орынды «Рацион қаласындағы шытырман оқиғалар» ертегісін қойғаны үшін № 18 ЖОМ «Рацион» командасы, Шарль Перроның «Қызыл телпек» ертегісін қойғаны үшін № 28 ЖОМ «Домовята» командасы, «Шортанның нұсқауы бойынша» орыс халық ертегісін қойғаны үшін № 43 ЖОМ «Карапузики» командасы иеленді.

        II орынды № 7, 11, 15, 25, 29, 34, 41 мектеп командалары, III орынды № 1, 16, 17, 19, 26, 35, 36, Қ. Мақпалеев атындағы, Кенжекөл ЖОМ, Жетекші ЖОМ командалары иеленді. «Өнерлі балалар» номинациясын  № 2, 6, 14, 24, 39, Қ. Бекхожин атындағы мектептердің командалары иеленді. Барлық командалар «Павлодар дарыны» орталығының дипломдарымен марапатталды.