Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Дене шынықтыруды және алғашқы әскери даярлықты дамыту
20-08-2022 14:56
Дене шынықтыруды және алғашқы әскери даярлықты дамыту

Павлодар қаласы білім беру ұйымдары педагогтерінің қалалық тамыз конференциясы шеңберінде 2022 жылғы 19 тамызда қала мектептерінің алғашқы әскери дайындық және дене шынықтыру мұғалімдерінің секциялық отырысы өтті.

Отырыста Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдіскері Раисов Қадырбек Сатыбалдыұлы «Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындықты дамыту» тақырыбында баяндама жасады. Өз сөзінде ол өткен оқу жылының қорытындысын шығарып, алдағы оқу жылына арналған міндеттерді белгіледі. Оқушылардың патриоттық және адамгершілік тәрбиесіне, әскери қызметке, болашақ спортшыларды дайындауға, дене шынықтыру және спортпен қамту бойынша үйірмелер желісін кеңейтуге, оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша жұмыстарды жүргізуге ерекше назар аударды. Тәжірибе алмасу бойынша алғашқы әскери даярлықтың мұғалім-ұйымдастырушылары «Террористік қауіп жағдайындағы қауіпсіздік» тақырыбында Оразазинов Ринат Өтегенұлы (№ 39 ЖОМ), «Өскелең ұрпақты патриотизмге тәрбиелеу негіздері» тақырыбында Оразбаев Бектеміс Қадырбайұлы (№ 19 ЖОМ), «Мектептерде оқушыларға әскери - патриоттық тәрбие берудің маңызы» тақырыбында - Аскапов Мэлс Туйгынтайұлы (№ 21 ЖОМ), «Алқашқы әскери дайындық сабақтарында оқытудың формалары мен әдістері» - Антонов Юрий Сергеевич (М. Әуезов атындағы мектеп) баяндама жасады. Баяндамашыларға Павлодар қаласы білім беру бөлімінің сертификаттары берілді.

Өскелең ұрпақты тәрбиелеу бойынша жұмыста қол жеткізген жетістіктері үшін Павлодар қаласы білім беру бөлімінің грамоталарымен № 22, 14, 7, 37, 41, 40, 43, 25, Әлімбаев, Жетекші мектебінің алғашқы әскери дайындық және дене шынықтыру пәнінің 10 оқытушысы марапатталды.