Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қала мектептеріндегі алғашқы қоңырау
01-09-2022 10:14
Қала мектептеріндегі алғашқы қоңырау

Павлодар қаласының барлық жалпы білім беретін мектептерінде 2022 жылғы 1 қыркүйекте алғашқы қоңырау соғылды және дәстүр бойынша Білім күні өтті. Республиканың барлық жалпы білім беретін мектептеріндегідей бұл күні «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отансүйгіштік» атты бірыңғай сынып сағаты өтті. Сынып сағаттарында білімге деген ұмтылыс, еңбексүйгіштік және жеке адамның өміріндегі отансүйгіштік құндылықтарының рөлі туралы мәселелерге ерекше назар аударылды.

Мерекелік шараға педагогикалық еңбек ардагерлері, қалалық мәслихат депутаттары, «Аманат» ХДП өкілдері, меценаттар, табысты түлектер қатысты.

Қала мектептері оқушыларының контингенті өткен оқу жылымен салыстырғанда 2000-нан астам оқушыға артып, 49,0 мыңнан астам оқушыны құрады. Биыл мектепке 5565 бала қабылданды, 2021 - 2022 оқу жылында 5685 бала қабылданды. 1 қыркүйектен бастап Сарыарқа шағын ауданында 650 орынға есептелген мемлекеттік тілдегі Әлихан Бөкейхан атындағы және Теміржолшылар кентіндегі 210 орындық № 46 мектеп жұмысын бастады.

2022 жылы қаланың білім саласының бюджеті 42,1 млрд.теңгеден асады (2021 - 35,5). Қалада апатты мектептер мен үш ауысымды мектептер жоқ. Оқу жылының басында жалпы сомасы 4,5 млн.теңгеге 17 мекемеге күрделі жөндеу жүргізілді. Бірінші кезектегі мәселелер қатарында су құбырын, шатырды, жылумен қамтуды, энергиямен жабдықтауды, кәрізді, қоршауды, жылуды жөндеу бар. 9 мектепті жаңа модификациядағы оқу кабинеттерімен жабдықтауға және оқу-тәжірибелік кешеннің материалдық-техникалық базасын жаңартуға 866,3 млн. теңге бөлінді.