«Мектепке жол» республикалық акциясы аясында Павлодар қаласының білім беру бөлімі аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балаларға, жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға материалдық және қаржылық көмек көрсету бойынша акция өткізу жоспарын әзірледі.
Әлеуметтік себептер бойынша оқушылардың мектепке бармауына жол бермеу мақсатында акция барысында бюджеттен тыс қаражат есебінен 1652 оқушыға меценаттар, қала кәсіпорындары жалпы сомасы 10560,0 теңге материалдық көмек көрсетті.
Акция аясында азаматтардың өтініштеріне жедел әрекет ету үшін білім беру ұйымдары «жедел желілер», сенім телефондарының жұмысын ұйымдастырды.
Білім бөлімі әкімдікпен бірлесіп 2022 жылғы 20 және 27 тамызда «Квазар» базарының аумағында мектеп жәрмеңкесін өткізді. Жыл сайынғы жәрмеңкеде қаланың 10-ға жуық кәсіпкері мектеп тауарларының өнімдерін ұсынды, онда ата-аналар кеңсе тауарларын, балаларға арналған мектеп және спорттық киім сатып алды. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда.


