Павлодар қаласының жалпы білім беретін мектептерінде 2022 жылдың 5 қыркүйегінен бастап «Үлкеннің жүрген жері береке - жастың жүрген жері мереке» тақырыбында «Қамқорлық» қалалық акция - айлығы басталды. Акцияның бастамашысы және ұйымдастырушысы Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы болып табылады, акция 5 қыркүйектен 29 қазанға дейін жалғасады. Акцияның мақсаты - мәдени-адамгершілік тәрбие беру, аға ұрпаққа құрметпен қарауды қалыптастыру, олардың өмірбаянын білу, облыстың, елдің дамуына қосқан үлесі, егде жастағы адамдарға көмек көрсету және қамқорлық көрсету бойынша іс-шараларға қатысу. Акцияға қаланың жалпы білім беретін мектептерінің 6 - 8 сыныптарының 2000-нан астам оқушысы қатысады.
Акцияның шарты бойынша қатысушылар соғыс ардагерлерімен, еңбек ардагерлерімен, шағын ауданның зейнеткерлерімен өткізілетін іс-шаралардың фотоесебін ұсынуы тиіс. Фотоесепте музыкалық сүйемелдеуі бар 5 - 10 слайдтың тұсаукесері түрінде кездесулер, көмек көрсету, оларға қамқорлық пен көңіл бөлу көріністері болуы тиіс.
Акция қорытындысы 30 қыркүйекте шығарылады. Үздік жұмыстар «Павлодар дарыны» орталығының Instagram парақшасында ұсынылады.


