Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Үстел теннисінен Қазақстан чемпионатының жүлдегері
14-09-2022 09:59
Үстел теннисінен Қазақстан чемпионатының жүлдегері

Павлодар қаласының № 19 ЖОМ 8 сынып оқушысы Әлімжан Әбішев облыс командасының құрамында үстел теннисінен Қазақстан чемпионатына қатысты. Чемпионат Павлодарда «Jenimpaz» үстел теннисі орталығында 2004 жылы туған және одан кіші спортшылар арасында өтті.

Медальдар алу үшін командалық есепте, жеке, жұптық және аралас разрядтарда Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және республиканың басқа облыстары құрамында 170 қатысушы сынға түсті.

Турнирдің қорытындысы бойынша құрамы 5 спортшыдан тұратын облыс командасы III орынға ие болып «қола» медальді жеңіп алды, жетекшісі үстел теннисінен аға жаттықтырушы Дәулет Ысқақов. Қазан айында команда Қазақстанның ашық командалық біріншілігінің суперлигасына қатысады.

Әлімжан жеті жасынан бастап үстел теннисіне қызығушылық танытты. «Баянтау» спорт сарайында жаттығуды бастап, бүгін «Jenimpaz» үстел теннисі орталығында жаттығуды жалғастыруда. Мұнда аға жаттықтырушы Дәулет Ысқақов, бас жаттықтырушы Алексей Мищук және тікелей тәлімгер Алексей Хорьковтың кәсіби командасы спортшыға күнделікті ойын шеберлігін шыңдауға көмектеседі.

Әлімжан өзінің спорттық жетістіктерін оқудағы жақсы үлгеріммен, мектептің қоғамдық өміріне қатысумен шебер ұштастырады. Биыл мектеп құрамасының қоржыны күміс медальмен толықты. Екі жыл қатарынан мектептің жас теннисшілері Қазақстан ұлттық мектеп лигасының командалары арасында II орынды берік иеленіп келеді.