Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің жоспары бойынша 2022 жылдың 16 қыркүйекте «Білім негізі - бастауышта» тақырыбында бастауыш сынып әдістемелік бірлестіктері басшыларының ұйымдастыру отырысы өтті.
Семинарда Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдіскері Шолпан Шаханқызы Қайыргазина «Семинарларда, шебер-сағаттарда, байқауларда бастауыш сынып мұғалімдерінің белсенділік нәтижелері туралы» және «Бастауыш сынып әдістемелік бірлестіктерінің жұмысы туралы» мониторингті көрсетті.
«Қазақстан Республикасында 2022 - 2023 оқу жылында орта білім беру үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» нұсқаулық-әдістемелік хатта ұсынылған оқытудың бастапқы сатысындағы оқу-тәрбие үрдісіндегі өзгерістер туралы мәселелер талқыланды. Нұсқаулық хаттың ұсынымдарын пәндік талдау мақсатында № 20 лицей-мектебінің бастауыш сынып мұғалімдері Сағымбаев Рустам Бақытбекұлы, Шакиева Алмагүл Бақытбекқызы, Шабажанова Динара Қалиасқарқызы, Солтангазинова Бота Есмағзамқызының басшылығымен фокус-топ ұйымдастырылды
Отырыс қорытындысы бойынша бастауыш сынып мұғалімдерінің қалалық шығармашылық тобын құру ұсынылды.