ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ҚАЛИЖАН БЕКҚОЖИН АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕБІ» ММ
07-10-2022 10:56
«ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ҚАЛИЖАН БЕКҚОЖИН АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕБІ» ММ

Данагуль Ханатовна Тинезбаева

 

  Тарих пәні  мұғалімі, әлеуметтік ғылымдар магистрі

 

Жасөспірімдерге діни толеранттылық қағидаттарын үйретуде «Зайырлылық және дінтану негіздері» пәнінде қолданылатын әдіс - тәсілдердің маңызы.

 

Қазіргі күнде  заманауи білім беру жүйесіндегі зайырлылық мәселесі өзекті мәселе екендігіне ешкімнің таласы жоқ. «Зайырлылық» термині еліміздің конституциясында айқындалған болса, білім беру жүйесіде  осы сипатта екені еліміздің заңнамаларымен кепілдендірілген. Десек те, «білім берудің зайырлылық сипаты» ұғымы аталған құжаттарда анық көрініс таппағандықтан, біздің қоғамда өскелең ұрпаққа  дәстүрлі адамгершілік және рухани тәрбие беру желісінде осы мәселе жиі көтеріліп отыратынын мойындау керек. Жалпы, зайырлылықтың мәнді ерекшеліктері мемлекеттің діни бірлестіктерден бөлінуін, мемлекеттің әлеуметтік және ресми легитимділігінің діни ұстанымдардан тәуелсіздігін, мемлекетте жалпыға міндетті діннің болмауын, мемлекеттің және мемлекеттік-құқықтық қатынастардың діннің нұсқауынан, талаптары мен қысымынан тәуелсіздігін және осы қатардағы басқа да айшықты сипаттардан көрініс табады

 Ең бастысы, мемлекет зайырлы қағидаттарды басшылыққа ала отырып, қоғамда қызмет атқарып отырған барлық діндердің заң шеңберінде еркін  қызмет атқаруларын және олардың заң алдындағы теңдігін қамтамасыз етеді. Осы қатарда білім беру жүйесіндегі зайырлы ұстанымды қамтамасыз етудің маңызы ерекше.

Жасөсірімдерге қойылатын негізгі мақсат пен міндеттер : оқушылардың діни сенімдеріне негізделгеніс-әрекеттеріне байланысты зайырлылық ұстанымы, зайырлылық ұстанымының белгілері айқындалып, діннің адамзат қоғамы мен жеке адам өміріндегі алар орны қандай, мемлекеттің пен діннің өзара қатынасы қандай, әрбір адамның діни сенім мәдениеті қалыптасуын, рухани білімдерді байытып, танымдық түсініктерін дамыту.

Негізделген міндеттер:

- оқушыларды «зайырлылық» ұстанымын құндылық, яғни мемлекет баяндылығының басты тұғыры ретінде қабылдауға, діндерді зайырлы таным аясында тануға үйрету;

- діни сенім бостандығы, әлемдік және дәстүрлі діндердің , жаңа діни қозғалыстардың тарихы мен қазіргі жай-күйі,теріс пиғылды діни ағымдар мен тыйым салынған діни ұйымдар туралы жан-жақты білімін қалыптастыру;

- оқушыларды «зайырлылық» ұстанымын құндылық, яғни мемлекет баяндылығының басты тұғыры ретінде қабылдауға, діндерді зайырлы таным аясында тануға үйрету;

- діни сенім бостандығы, әлемдік және дәстүрлі діндердің , жаңа діни қозғалыстардың тарихы мен қазіргі жай-күйі,теріс пиғылды діни ағымдар мен тыйым салынған діни ұйымдар туралы жан-жақты білімін қалыптастыру;

Жобаның басты идеясы

  • мемлекет ар-ұждан еркіндігін қамтамасыз ете

отырып жасөспірімдерге өздеренің діни сенімі бойынша ойлауға

  • әекететуге, өзінің дінге қатынасын анықтауға және әрекет етуге құқықылы екендігін дәлелдейді.
  • толеранттылық қағидаты- зайырлы мемлекет азаматтардың діни сенім бостандығы мен діни бірлестіктердің еркін қызмет  атқару құқығының жүзеге асырылуын құқықтық тұрғыдан зерттейді.

Жоба бағдарламаларында оқу мақсаттарының жүйесі түрінде берілген күтілетін нәтижелер тұжырымдалған. Күнделікті білім беру үдерісі оқу мақсаттарына жетуге және оқушыларға алынған білім мен дағдыларды кез келген оқу және өмір жағдайында шығармашылық пайдалануға дайындығын қалыптастыруға бағдарланған.  Жобадағы басты идея зайырлылық ұстанымы жасөспірімдерге мемлекеттің баяндылығына қызмет ететін , мемлекет құрушылардың құқықтарының қорғалуы мен сақталуына, бақытты болуына жеткізетін ең басты шарт болғандықтан,саяси құқықтық тұрғы бойынша діннен осы салада бөлінетінін айқындау. Білім берудің зайырлылығы – ол білім беру жүйесінің діннің нұсқауы, талабы мен қысымынан тәуелсіз екенін және білім беру қызметінің діни бірлестіктерге бағынбайтынын білдіретін сипат.Бұл — мемлекеттің білім беру бағдарламасында діни рәсімдерді жүргізуге және дінді насихаттау мен таңуға жол берілмейді деген сөз.Осы орайда, жалпы білім беретін мектептерде дін туралы ақпарат беретін пәнді оқытуға мүмкіндік беретіндігін айта кету керек. Мұндай мүмкіндік, бір жағынан, мектеп оқушыларының діндер туралы ақпарат алуын қамтамасыз етсе, екінші жағынан, белгілі бір дінді немесе діндерді мектептің оқу бағдарламасына енгізгісі келетін талпыныстардың алдына тосқауыл болады.

Білім берудің әлемдік озық тәжірибелеріне сүйеніп әзірленген оқытуда жасөспірімнен күтілетін нәтиже негізгі құзыреттіліктердің қалыптасуымен айқындалады. Құзыреттілік – оқушының әрекет тәсілдерін жан-жақты игеруінен көрінетін білім тәжірибесі. Қазіргі мемлекеттік жалпыға міндетті жалпы орта білім беру стандартының мазмұны әр оқушының жеке ерекшелігіне қарай білім нәтижесі түріндегі құзыреттер жиынтығын игеруге бағдарланып белгіленген. Құзыреттілік деп өзін заман талабына сай оқушы да, мұғалім де өзін-өзі өзгерте алу қабілеттілігі деуге болады. Бұл өзгерістерді күнделікті оқу үрдісіндегі берілетін тапсырмалар мен педагогикалық әдіс-тәсілдерден бастау керек.

Педагогикалық әдіс-тәсілдерім былайша топтастырылады:

Ø Құндылықты-бағдарланған;

Ø Әрекетті;

Ø Тұлғалық-бағдарланған;

Ø Кіріктірмелі;

Ø Коммуникативті әдіс-тәсілдер пән бойынша оқу бағдарламаларының құрылымы мен мазмұнын құрудағы негізгі бағдарлар болып табылады.

Оқушылар пәнімді оқу кезінде АКТ қолдану дағдыларын дамытамын. Ақпаратты іздеу және өңдеу барысында түрлі идеялармен алмасады, өз жұмыстарын бағалайды және жетілдіреді, түрлі жабдықтар мен қосымшалардың кең ауқымын пайдаланады. АКТ оқушы білімінің, оларды тиімді қолдану бойынша дағдыларының дамуына жәрдемдеседі. Жаңа әдіс-тәсілдерді өз сабағымда қолдану барысында күтілетін нәтижелер: - оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, оқушының өздігінен оқып түйінді мәселелерді іріктеп алуы,

өзіне деген сенімділігінің қалыптасуы,

еркін, өзіндік дәлел-уәждерін жеткізе білуі,

оқуға деген қызығушылығының артуы, ынталы, сұрақ қойып, сұрақтарға жауап бере алуы,

сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын,

ақпаратты қабылдап қолдануға, саралап, даралауға, жүйелеуге дағдылануы қамтамасыз ету.