Размер шрифта:
↑Наверх
ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ҚАЛИЖАН БЕКҚОЖИН АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕБІ» ММ
07-10-2022 09:57
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ҚАЛИЖАН БЕКҚОЖИН АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕБІ» ММ

Шыных Назгул Шыныхқызы

 

Химия-биология пәндерінің мұғалімі

 

«8-сыныпта химия пәнінен жиынтық бағалау жұмыстарын әзірлеу және сараптау»

 

Жиынтық бағалау жұмыстары негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9-сыныптарына арналған "Химия" пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы және 

8-сынып «Химия» пәні бойынша ұзақ мерзімді оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.

1. Жобаның өзектілігі:Жаңартылған білім беру мазмұны бағдарламасында химия пәнін тек жеке пән ретінде ғана меңгертуді емес, оқушылардың жалпы білім алуының негізгі құралы ретінде оқытуға және функционалдық білім беру бағдарына баса назар аударылады.

2.Жобаның мақсаты: Жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

3. Жобаның міндеттері

Бағдарламаға сәйкес оқу мақсаттарын орындау қабілеті мен жеке оқушының даму жетістігін бақылау

Оқушының білім алу барысындағы қателіктері мен олқылықтарын айқындау

Білімді, іскер, жан-жақты жетілген жаңашыл тұлғаны қалыптастыру.

4.Жұмыс негізделген сынып: 8 сынып

1. Жұмысты қолдану: с 1 января 2018 по 1 января  2020года

2. Жұмысты іске  асыру кезеңі, дайындық кезеңі ( 1 қаңтар  2018 жыл - 27 наурыз  2018 жыл )Жобаның теориялық базасы:«2016-2017 оқу жылындағы  жаңартылған білім беру аясында жалпы білім беретін  оқу бағдарламаларын жүзеге асыратн білім беру ұйымдарында білім алушылардың оқу жетістіктеріне  критериальды бағалау өткізудің тәртібі ҚР үкіметінің 2012 жылғы 23-тамыздағы №1080   қаулысына  сәйкес  білім алушылардың оқу жетістіктеріне  критериалды бағалау өткізудің тәртібін  белгілейді» негізге алынды.

2. Негізгі кезең  ( 1 сәуір 2018 жыл  30 мамыр 2019 жыл)

1.Химия пәніне жиынтық бағалау жұмысын құрастыруда   мынадай  дескрипторлар  арқылы критерий  құруға болады.

Оқушылардың жас ерекешілігіне қарай  бағалау  өлшемдерін  өзгертуге болады

А) Химиялық басты ұғымдарды  қолдануы. Қорытынды  жасай  білу

Ә) Сөздік қор. Заңдылықтар мен формулаларды  қолдана алу

Б) Химиялық реакция теңдеулері дұрыс жаза білу.Тәжірибе  жүзінде дәлелдей алуы

С) Химиялық  тілде  сөйлеу.  Химиялық терминдер мен  ұғымдарды  дұрыс  қолданбауы

Ұпайды   бағаға  айналдыру

2.Бағалау жұмысында қолданылған тапсырмалар түрі  жабық, ашық

А) Жабық тапсырмалар    бірнеше дұрыс жауапты таңдау арқылы тапсырмалар орындау

Салыстыру тапсырмалары, көп таңдаулы жауапты қажет ететін тапсырмалар, реттілікті анықтау,сәйкестендіру, «шындық, жалған» т.б дайын дұрыс жауап үлгілері ұсынылған тапсырмалар білім алушы оның ішінен дұрыс жауабын таңдау арқылы орындайды.

Б) Ашық тапсырмалар.Қысқа жауапты қажет ететін (бос орынды толтыру, сұраққа жауап, санамалау, құрылымдалған) Толық жауапты қажет ететін (толық шешім, жоба, эссе,таныстырылым)

3.Жиынтық бағалау жұмыстарына талдау жасау

    Жеке тұлғаға қойылатын талаптар – шығармашылық, белсенділік, жауаптылық, терең білімділік, кәсіби сауаттылық. Оқушы білімін бағалауда мүлдем жаңа бағытта жұмыс істеу қажеттілігі туындайды. Осы қажеттілікті шешу жолдарының бірден–бір жолы оқушы білімін критериалды бағалау жүйесі бойынша сараптау болып табылады. Критерий арқылы  бағалау мұғалімнің оқушы деңгейін анық біліп отыруына мүмкіндік береді. Динамикада оң өзгерістер бар яғни бұл тәжірибе жұмысын қолданғаннан кейінгі  оқушылардың білім сапасында байқалды. Даму болашағы бар.

4.Қорытынды кезең  (1 маусым 2019 жыл 1 қаңтар 2019 жыл

Өңір бойынша  оқу  орындарына  тәжірибе  тарату және ЖОО мамандарынан  пікір алу