ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ № 30 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕБІ» КММ
07-10-2022 10:13
«ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ № 30 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕБІ» КММ

Шанашова Сауле Боранбаевна

 

қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі.

 

Оқушыларды шығармашылыққа шыңдауда жобалау – зерттеу қызметіне үйрету жолдары

 

Разработка для развития творческих способностей школьников- это способ научить их исследовательской деятельности.

Қазіргі өркениетке ұмтылған қоғам талабына сай Қазақстан Республикасының дамыған елдермен иық тіресіп тұруы үшін, еліміздің болашағы мен қазіргі кезеңі үшін білімді, зерделі, өз бетімен іс-әрекеттене отырып, қоғамнан өз орнын таба алатын шәкірттерді дайындау - бүгінгі ұстаз алдындағы үлкен міндет. Ендеше, жас ұрпақты көкірегі ояу, ізденімпаз, өзіндік шығармашылық жұмыспен айналыса алатын дәрежеге жеткізу жолында өз басым  жобалау қызметінің маңызы зор екендігіне көз жеткіздім.

         Өйткені қазақ тілі мен әдебиет  сабағындағы жобалау қызметі оқушыға жоспарлау барысында тапсырмалар орындаумен шығармашылығын көрсетуге мүмкіндік береді. Аталмыш қызметті ұйымдастыруға бірнеше оқушы қатысып, шағын топтарда тақырыптың ауқымына байланысты мағынасын ашады. Жобалау қызметі мұғалім ұсынған тапсырмаларға байланысты таңдалады. Бұл жерде оқушыға немесе топқа берілген нақты тақырып жалпы тақырыппен үйлесуі маңызды. Жобамен жұмыс жасау кезінде қазақ тілі мұғалімі кеңесші рөлінде болады, ал оған біршама даярланған оқушылар көмектеседі, ал оларды бұрын орындалған жобалармен таныстырған абзал. Қазақ тілі сабағында жобалар бойынша мультимедиялық технологиялармен жұмыс істеу кезінде алдын-ала дайындалған презентацияларды, графикалық сызбаларды, мәтіндік ақпараттарды, бейне жазбаларды қолдану сабақтың қызықты да, тартымды өтуіне көмегін тигізеді. Жоба қызметін топпен немесе жұппен жұмыс жасауда оқушы үшін де, мұғалім үшін де тиімдісі - ноутбук немесе планшет. Жалпы жобалау қызметін ұйымдастыруда  төмендегідей типтегі жобаларды ұсынуға болады:

1.Демонстрациялық жобалау;

2.Зерттеушілік жобалау;

3.Шығармашылық жобалау;

4.Ақпараттық жобалау;

5.Үйретуші жобалау;

6.Шағын жоба;

7.Пәнаралық жобалау;

8.Қысқа мерзімді жобалау;

          Қазақ тілі сабағында оқушыларым мақал-мателдерден шағын жинақ құрастыру, өздеріне таныс әдеби шығармалардан үзінді немесе сөйлемдер теріп жазу, кейіпкердің мамандығы, мінезі сияқты мәліметтердің бәрін жинақтап, өз жобаларында негізгі өнімі дидактикалық  материалдардан құралған жинақ, яғни барша оқушылар тұтынатындай жоба жасауға  әрекет етеді.

                Шығармашылық жобаны таңдау сыныптың «Тіл - тарихым», «Ұлы тұлғалар» тақырыбындағы сынып оқушыларының өздік жұмыстарын, жүрек жарды  жыр шумақтарын немесе ой толғауларын,  шағын мәтіндерін жинақтап, өздерінің ғана сыныбы үшін емес, кіші топтағы оқушылар үшін де қағаз түрінде немесе электронды журнал ретінде ұсынуға болады. Белгілі бір сөздер тізбегі, яғни синонимдерді немесе тұрақты  сөз тіркестерін қолдана отыра, үздік ертегі құрастырады. Ерекше жазылған ертегіні суреттеп компьютермен немесе суретті альбом арқылы көрсетеді. Жобаның нәтижесінде өз өнімдерін журнал немесе кітап ретінде ұсынады.

                Презентациядан кейін талқылау аса қажет және маңызды. Сабақтағы жобалауда өздерін бағалау парағы бойынша сараптайды.

Тәжірибемде қазақ тілі сабағында  жобалау қызметін қолдану арқылы келесі оң нәтижелерге қол жеткізудемін:

- сөздік қоры, ой көкжиегі кеңейеді, грамматикалық білігін бекітеді;

- өздігінен оқу бағдарламасы бойынша  материалды  игереді;
- топта тәжірибе жинақтайды, біліктілігі артады;

- ІТ технологиялармен, компьютермен жұмыс жасауға төселеді;

- оқушылардың оқуға деген танымдық қабілеті артады.

       Күнделікті сабақта оқушыға тапсырма күрделендіріп, бағыт-бағдармен берілсе және орындауда шығармашылық ізденіске баулынса, ой-өрісін дамытуға жол ашуға болады.

        Зерттеуге бағытталған тапсырмаларды орындау барысында нәтижелі жұмыстардың мазмұнды көрсеткіштері де өз деңгейінде көріне бастады:

                2018 жылы 9-сынып оқушысы Сүлейменова  Бақыт қазақ мәдениеті мен әдебиетінің көрнекті тұлғасы Мәшһүр Жүсіп шығармаларына арналған қалалық конкурста ІІІ дәрежелі дипломмен  марапатталды.

                2019 жылы 8-сынып оқушысы  Тебенова Дана жастар жылына арналған эссе - шығарма қалалық республикалық байқауында І дәрежелі дипломмен  марапатталды.

                2020 жылы 9-сынып оқушысы Кеңес Ажар  «Мәшһүр Жүсіп оқулары» конкурсында «Білімді зерек адам болам десең!-Қара өзіңді басқаның айнасымен» бағытында қалалық кезеңде 1 орынға иеленіп, облыстық кезеңінде ІІІ дәрежелі дипломмен  марапатталды.

               2020 жылы  8-сынып оқушысы Солтан Сайданұр   «Мәшһүр Жүсіп оқулары» конкурсында «Алдыма өлең жаз деп қағаз келген, сөзімді сөйлеп бақтым мен де білген» бағытында қалалық кезеңде  ІІІ  дәрежелі дипломмен  марапатталды.

2020 жылы 9-сынып оқушысы Кеңес Ажар  «Ақберен»  республикалық байқауының қалалық кезеңінде «Эссе жазу» бағыты бойынша танымдық ізденіс көрсеткені үшін Құрмет Грамотасымен  марапатталды.

Ал өзімнің осы жобалық жұмысымнан түйгенім: бүгінгі күні аталмыш жұмыспен айналысудағы оқушыларымның, Елбасы Н.Назарбаев халыққа жолдауында көрсеткендей, ізгілігімен XXI ғасырды құрушы, іскер, өмірге икемделген жан-жақты мәдениетті  жеке тұлға болып қалыптасатытына сенімім бар.