Айнур Серікқызы Ербол
Бастауыш сынып мұғалімі
«Математика сабағында электронды оқу құралдарын қолдану негізінде оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамыту»
Білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту білім берудің басым мақсаттарының бірі ретінде айқындалады. Оқу нәтижесі ретінде функционалдық сауаттылық әр мектептің оқу пәні арқылы қалыптасады. Сауаттылық тұлғаның тұрақты қасиеті болып табылатындықтан, функционалдық сауаттылық сол тұлға меңгерген белгілі бір білім-біліктерден көрініс табады. Өйткені функционалдық сауаттылыққа адам нақты білім алу кезеңдерінен өткеннен кейін қол жеткізеді. Сондықтан білім белгілі бір сауаттылық деңгейін қамтамасыз ететін құрал және нақты іс-әрекеттердің нәтижесі ретінде қарастырылады.
Тәжірибенің болжамы: Оқушылардың жалпы математикалық функционалдық сауаттылығын қалыптастыру үшін математика сабақтарында күнделікті өмірдегі экономикалық түсініктерді ұғынуға, математика сабақтарында алған білім-дағдыларын өмірде тиімді қолдануға, үйретуге, күнделікті өмірде кездесетін мәселелерді шешуге, математика пәнінің мазмұнын күнделікті өмірмен байланыстыстырып, экономикалық сипаттағы есептерді кіріктіріп, қол жеткізуге бағытталады.
Тәжірибенің жаңашылдығы: Оқушылардың күнделікті өмірде экономикалық түсініктерді ұғыну, математика сабақтарында алған білім- дағдыларын өмірде тиімді үйреніп қолданылатын математикалық сауаттылығы арқылы күнделікті өмірдегі кездесетін мәселелерді шешу.
Қолданылған әдістер: теориялық тұрғыдан философиялық, психологиялық, педагогикалық әдебиеттерді талдау, оқушылар мен мұғалімдер арасында сауалнама жүргізу, тәжірибе-эксперимент жұмыстарын және олардың нәтижесіне баға беру және қорытындылау.
Қолданылатын әдістер:
- талдау жасау
- бақылау жүргізу
- эксперимент жүргізу
Практикалық іске асыру: оқушылар сабақта бір-біріне үйрету арқылы жетістікке жетуге мүмкіндік алатыны байқалады. Ынтымақтастық оқу жағдайында оқушылар бір-бірімен қарым-қатынас жасап, жаңа идеялар ұсынып, оны өз бетінше қорғай алады, сабақта белсенділік танытады. Сабақ барысында eсептерді мәтіннің мағынасына мән бере отырып, шығаруды тапсырып, нәтижесінде оқушылар есепті мұқият тыңдап отырғанда ғана шынайы нәтижеге қoл жеткізуге болатындығын ұғынады. Оқушылардың лoгикалық ойлауының дамуы өздігінен ізденіп жұмыс жасауына мүмкіндік береді. Оқушылар тапсырмаларды орындағаннан бірден дұрыс не бұрыс екенін көре алады. Яғни, оқушыларды бірден бағалауы кері байланысы шығады. Математика сабақтарында электронды оқу құралдарын қолдану нәтижесінде оқушылар математика сабағын асыға күтіп, барлық ынтасымен дайындалатын болады. Eсептің қиындығынан қорықпай, қызықты есептер көп екендігіне сеніп, математика cабағын басқа қырынан тануға көмек бередi.
Қорытынды: 1-сынып оқушыларына арналған «Математикалық логикалық тапсырмалар» атты электрондық оқу-әдістемелік құралы оқу ісіндегі субъектілер - мұғалім мен оқушының өзара әрекетін ұйымдастырып, баланың жан-жақты жеке тұлға ретінде қалыптасуын, қайталанбас ерекшелігін дамытуға негізделген. Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, өздігінен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға, шығармашылық ойлау мәдениетін арттыруға, жетілдіруге бағытталған.