Размер шрифта:
↑Наверх
ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
«ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ КЕНЖЕКӨЛ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕБІ» КММ
07-10-2022 10:49
«ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ КЕНЖЕКӨЛ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕБІ»  КММ

Апсаликова Айгуль Машраповна

 

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

 

Жобалау әрекеті арқылы оқушылардың негізгі құзыреттіліктерін қалыптастыру

Формирование ключевых компетенций учащихся через проектную деятельность

 

Елбасымыздың «Қазақстан 2050»  Қазақстан халқына жолдауында білім беру саласына қатысты тұжырымдар көп кездеседі. Еліміз дамыған елу елдің қатарына кіру үшін бәсекелеске қабілетті, жан-жақты дамыған тұлға тәрбиелеу ұстаз міндеттерінің ең маңыздысы етіп қойылған. Қазіргі заман ұрпағы алдына кез келген проблеманы өздігінен шеше алатындай мүмкіндігіне ие болу керек.

1.Тәжірибенің өзектілігі және болашақтылығы

Жобалау әрекеті бойынша ұйымдастырылған жұмыс оқушылардың дайын ақпаратты қабылдауынан гөрі, ондағы қойылған мәселені зерттеуіне, талдауына және салыстыруына, ой толғауына және бағалауына қолдау ететінін айта кеткен жөн. Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында мәтіндерді зерттеу әдісі арқылы келешекте көлемді зерттеулер, жоба жұмысын жазуға зор ықпалын тигізеді. Жеке тұлғалық жетістіктерге жетеді және өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгереді, сонымен қатар  танымдылық, зерттеушілік, шығармашылық тұрғыдан көп іздену қасиеттері қалыптасады;

2.Тәжірибенің мақсаты мен міндеттері

2.1. Тәжірибенің мақсаты:

Оқушылардың  ақпараттық, коммуникативтік және проблемаларды шешу құзыреттіліктерін жобалау әрекетіне баулу арқылы қалыптастыру.

2.1. Тәжірибенің мәндеттері:

1. Өз мектебінің мүмкіндіктерін оңтайлы пайдалану арқылы оқушылардың зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамыту жүйесін құру;

2.Оқушылардың ой еркіндігіне назар аудару;

3.Оқушының қабілетін дамытуға қажетті зерттеу жұмыстарын жүргізе алу;

оқушының және өз нәтижесін нақты бағалай білу;

3. Тәжірибенің жаңашылдығы

Жобалау әрекеті — зерттеушілік дағдыларын дамытуға, ғылыми таным әдістерімен танысуға жәрдемдеседі, танымдық қызығушылық қалыптастырады, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға зор үлесін қосады.

Жеке тұлғаға бағыттап оқыту технологиясының мақсаты: оқушылардың танымдық белсенділігін көрсетуі үшін, мектеп оқушыларының жеке тұлғалық ерекшеліктерін ескеру мен дамыту, өзіндік оқу іс-әрекетін қамтамасыз ету үшін жағдай жасалады.

Жеке тұлғаға бағытталған оқыту – бұл жеке тұлғаның белсенділігіне жету. Барлық оқу процесін белсенділендіру жоспарында ең маңыздысы практикалық сабақтарда берілген мүмкіндіктерді барынша қолдану.

4. Тәжірибенің мекенжайлылығы

Бұл әдістемелік ұсыныстар қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне, жалпы жобалау және зерттеу жұмысымен айналысам деген, қызығушылық білдірген жас мамандарға арналған. Ұсыныстарда жобалау  бойынша мәтіндерді зерттеу арқылы ізденушілік жұмыстарына баулу бағытын  дидактикалық қамтамасыз етуді әзірлеуге қойылатын талаптар, сабаққа қойылатын негізгі талаптар,  тиімді сабақты өткізу критерийлері, жеке тұлғаны дамыту мақсатында оқу жұмысын ұйымдастыру әдістері, жеке тұлғаға бағытталған сабақтан тыс мұғалімнің қызметі ұсынылады.