ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға кедергісіз орта құру
10-10-2022 12:03
Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға кедергісіз орта құру

Павлодар қаласының білім беру бөлімі № 26 мектептің облыстық ресурстық орталығында «Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды қоғамға интеграциялау және кедергісіз орта құру» тақырыбында семинар-практикумды өткізді. Қала мектептерінің инклюзивті білім беруіне жетекшілік ететін 42 директордың орынбасарлары қатысты.

Семинарда № 26 мектептің облыстық ресурстық орталығының кабинеттері бойынша экскурсия өткізілді, инклюзивті білім берудің өзекті аспектілері, ерекше білім беруді қажет ететін балалардың оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру, білім беру және әлеуметтік бейімделу мәселелері талқыланды.

«Ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларды психологиялық-педагогикалық қолдаудың әдіснамалық негіздері. ЕҚЕ балаларды қоғамда интеграциялау» тақырыбында Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдіскері Нұрахметова Шолпан Саменқызы сөз сөйледі. Бейімделген білім беру ортасын құруға, мектеп жағдайында қолжетімді сапалы білім алуға, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, оларды әдістемелік қолдау мен курстық даярлықпен қамтамасыз етуге, қоғамның балаларға деген толерантты көзқарасын қалыптастыру, білім беру үдерісінің барлық қатысушыларымен әріптестік орнату мәселелеріне баса назар аударды. Павлодар қаласы білім беру бөлімінің бас маманы Сивирина Алла Федоровна «2022-2023 оқу жылындағы жалпы орта білім беру мекемелеріндегі оқу - тәрбие үдерісінің ерекшеліктері туралы» сөз сөйледі. Ерекше білім беруді қажет ететін балалардың оқыту бағдарламаларын, оқу жоспарларын, бағалау жүйесін айқындау, қатаң есептегі құжаттарды беру, тұрғылықты жері бойынша балаларды 100% қамтуды қамтамасыз ету мәселелері бойынша нормативтік актілер мен нұсқаулық-әдістемелік ұсынымдар бойынша түсініктеме берді.

Ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларға инклюзивті оқытуды ұйымдастыру жөніндегі № 26 ЖОМ директорының орынбасары Кисиль Валентина Петровнаның мектептің тәрбие жұмысындағы инклюзивті тәсіл, балаларды қызығушылық үйірмелеріне қосу бойынша жұмыс тәжірибесі ұсынылды. Инклюзивті сыныпта сабақтың үзіндісін ұсынды, оқулықтардың мазмұнымен, бейімделген немесе жеке бағдарламалар бойынша оқыту кезінде қолдау көрсету ерекшеліктерімен таныстырды. Карпова Ирина Владимировна, педагог-зерттеуші, қалалық әдістемелік бірлестіктің басшысы, «Тәрбие алаңы» жобалық кеңсесінің облыстық жұмыс тобының мүшесі, педагог-психолог «Ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс жасаудағы психологиялық-педагогикалық қызметтің рөлі туралы» айтып берді. Қалалық әдістемелік бірлестіктің басшысы, қалалық логопед-мұғалімдер қауымдастығының мүшесі Юлия Анатольевна Пшенко «Жалпы білім беретін мектептегі логопед-мұғалімнің жұмыс жүйесі туралы» - құжаттаманы жүргізу, функционалдық міндеттерді орындау және режимі, балаларды қамту нормасы, жұмыс циклограммасы, логопед-мұғалімдерді аттестаттау кезіндегі қызметі мен жетістіктерін бағалау бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Инклюзивті сыныптарда үйде оқыту және оқыту жағдайында жеңіл және орташа ақыл-ойында кемістігі бар оқушылармен психологиялық-физиологиялық ерекшеліктерді есепке алу, оқу жұмыс жоспарларын, бақылау өлшегіштерін құрастыру жұмысы туралы айтып берді.

Рефлексия сұрақтар мен жауаптар түрінде өтті, тиімді білім беру ортасын ұйымдастыру және құру, оқу жұмыс жоспарларын құру, ерекше білім беруді қажет ететін балаларды дамыту және әлеуметтендіру бойынша әдістемелік ұсынымдар берілді. Семинар материалдары жұмыста пайдалану үшін қала мектептеріне жіберілді.