ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Ерікті мектеп клубтарының қалалық слеті
11-10-2022 09:23
Ерікті мектеп клубтарының қалалық слеті

    Қазақстандық патриотизмді, жоғары адамгершілікті, жауапты, бастамашыл және әлеуметтік-құзыретті азаматты қалыптастыру мақсатында 2022 жылғы 6 қазанда № 35 ЖОМ  ерікті мектеп клубтарының қалалық слеті өткізілді. Ұйымдастырушы - Павлодар қаласы білім беру  бөлімінің «Павлодар дарыны» орталығы болып табылады. Слетке қаланың 14 жалпы білім беретін мектебінен 5 - 11 сыныптардың 140 оқушысы қатысты.

         Слет бағдарламасына мектеп шағын ауданының тұрғындарымен «Адал ұрпақ» ерікті клубтарының жұмысы туралы «Жемқорлықсыз өмір - адал өмір» бейнероликтер байқауы, «Жемқорлыққа қарсы - болашақ ұрпақ» тақырыбында театрландырылған қойылым, «Оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиесі» тақырыбында презентациялар - өткен оқу жылында өткізілген іс-шаралар туралы есеп енгізілді.

         Слет қорытындысы бойынша I орынды Кенжекөл ЖОМ «KJK team» командасы жеңіп алды. Топ бейнероликте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша әлеуметтік сауалнама кезінде халықтың пікірін көрсетті. Шығармашылық жұмыстардың тұсаукесерінде сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу туралы буклеттер, жадынамалар, құқық бұзушылық жасау кезінде қандай зардаптар туындауы мүмкін және өзінің мектеп клубының қызметі туралы ақпараттық есеп ұсынылды. Үгіт-насихат бригадасының іс-шаралар жоспары таныстырылып, қатысушылар өздерінің «Паразыз өмір» әнін орындады.

         ІІ орынды № 20 мектеп-лицейдің «Парасат» командасы, № 34 ЖОМ «Превенция» командасы, № 26 ЖОМ «Патриот» командасы, № 36 ЖОМ «Адал» командасы, № 40 ЖОМ «Әділдік жол» командасы иеленді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Павлодар дарыны» орталығының I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталды. № 1, 6, 7, 15, 18, 35, 28, 37 мектеп командаларына қатысқаны үшін сертификаттар табысталды. Кенжекөл мектебінің командасы облыстық слетке қатысады.

      «Мектеп» рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбие контекстінде мектеп ортасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың Республикалық бағдарламасын іске асыру шеңберінде қаланың 42 мектебінде 1260 оқушыны қамтитын «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтары жұмыс істейді, «Парасатты азамат» стендтері бар. Клубтардың жұмыс жоспарына сәйкес парасаттылық сабақтары, «Адалдық сағаты» бірыңғай сынып сағаттары, «Адал - Jas волонтер» жобасы, «Біз сыбайлас жемқорлықсыз әлем үшін» суреттер байқауы, «Адалдық қызметшісі» дөңгелек үстелдері, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет» диалог алаңдары, «Адалдық пен адамдық» ата-аналарға арналған пікірталас сағаттары, «Заң», «Әділдік», «Теңдік» сессиясы «Адалдық», «Әдептілік» челлендждері өткізіледі. Іс-шаралар мемлекеттік органдар, прокуратура, полиция өкілдерінің қатысуымен өткізіледі. Іс-шараларға 9000-нан астам жоғары сынып оқушылары қатысты.