Республика күніне арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен 2022 жылғы 12 қазанда № 7 ЖОМ стадионында «Үлкен үзіліс -2023» жобасы «Жеңіс мәресі!» I кезеңі өткізілді. Жобаның мақсаты - шығармашылық өзін-өзі ұйымдастыруды, өзін-өзі жүзеге асыруды, мектеп ұжымдарының өзін-өзі бақылауын дамыту, шығармашылық жоба процесінде ұжымдық ынтымақтастықты қолдау және кеңейту, мүдделер бойынша жан-жақты қажеттіліктерді қалыптастыру.
Жоба оқу жылы бойы өткізіледі және 7 кезеңнен тұрады, әр кезеңнің соңында ең аз ұпай жинаған 3 команда шығарылады.
«Жеңіс мәресі!» спорттық турына № 1, 5, 7, 11, 14, 17, 18, 19, 21, 23, 25, 26, 31, 33, 34, 35, 36, 37, 38, 43, Қ. Мақпалеев атындағы, Қ. Бекхожин атындағы, М. Әлімбаев атындағы, Б. Момышұлы атындағы, Кенжекөл ЖОМ, Жетекші ЖОМ 306 оқушыдан тұратын 26 команда қатысты. Командалардың қатысушылары спорттық-сауықтыру турларында бақ сынады. Маршруттық парақтар бойынша командалар 7 станциядан өтті - «Медуза», «Мерген», «Арқан», «Арқанмен секіру», «Жұмбақтар», «Баскетбол себетіне лақтыру», «Пантомима», әртүрлі тапсырмаларды орындады.
Байқау қорытындысы бойынша № 23, 25, Кенжекөл ЖОМ ең аз ұпай жинады, 23 мектептің қалған командалары қараша айында келесі театр қойылымы «Өмір айнасы театры» турында кездеседі.