Павлодар қаласының білім бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен 2022 жылғы 13 қазанда физика және бағдарламалау бойынша жасөспірімдер олимпиадасының қалалық кезеңі өткізілді. Мақсаты - жаратылыстану-математикалық бағыт және бағдарламалау пәндері бойынша олимпиадалық резерв құру, жоғары деңгейдегі олимпиадаларға қатысуға дайындық. Олимпиадаға 7 - 8 сыныптардың 62 оқушысы қатысты, оның ішінде физика пәнінен 35 оқушы, бағдарламалау пәнінен 27 оқушы.
Физика олимпиадасы іріктеу кезеңінен және практикалық эксперименттен тұрды. Олимпиада қорытындысы бойынша қатысушылар 8 жүлделі орынға ие болды. I орынды № 34 ЖОМ 8 сынып оқушысы Бексолтанов Сәбит, II орынды № 29 ЖОМ 8 сынып оқушысы Гудель Карина, № 39 ЖОМ 8 сынып оқушысы Қайыржанова Сабина иеленді. III орынды № 9 мектеп-гимназияның 7 сынып оқушысы Дарья Старикова, № 18 ЖОМ 8 сынып оқушысы Әділ Темірболатов, № 41 ЖОМ 8 сынып оқушысы Аруна Сламбекова, Кенжекөл ЖОМ 8 сынып оқушысы Амина Ергенбекқызы және № 23 ЖОМ 8 сынып оқушысы Роман Гайдаренко иеленді.
Қатысушылар бағдарламалау олимпиадасында Рascal, FreePascal, Delphi, C++Python бағдарламалау тілдерінде таңдауы бойынша тапсырмаларды орындады. Олимпиада қорытындысы бойынша оқушылар 4 жүлделі орынға ие болды. I орынды № 17 ЖОМ 8 сынып оқушысы Осевич Виктор, II орынды М. Әуезов ат. ЖОМ 7 сынып оқушысы Артур Ткачев, III орын- № 28 ЖОМ 7 сынып оқушысы Эберт Артем және № 39 ЖОМ 8 сынып оқушысы Матюшева Кира.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласының білім бөлімінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталды.
«Павлодар дарыны» орталығының Құрмет грамоталарымен № 23 ЖОМ 7 сынып оқушысы Гоппе Владимир, № 43 ЖОМ 8 сынып оқушысы Крицкий Александр, Қ. Бекхожин атындағы ЖОМ 8 сынып оқушысы Қален Абай марапатталды.
Ең жоғары ұпай жинаған және бірінші және екінші орын алған оқушылар жасөспірімдер олимпиадасының облыстық кезеңіне қатысады.