«Мың бала» республикалық мәдени-ағарту жобасы аясында 2022 жылғы 19 қазанда Павлодар қаласының білім бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен «Өнер алды - қызыл тіл» байқауының қалалық кезеңі өткізілді. Мақсаты - мемлекеттік тілде қарым-қатынас жасау арқылы жалпы қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайту. Байқауға жергілікті емес ұлттың 9 - 10 сыныптарының 38 оқушысы, қаланың 27 жалпы білім беретін мектебі қатысты.
Ұлттық киімдегі қатысушылар мемлекеттік тілде өздері туралы әңгімелеп, 2022 жылдың мерейтойлық күндеріне арналған көркем шығармалардан үзінділерді жатқа оқыды.
Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындарды 17 оқушы иеленді, оның ішінде I орын - 2 қатысушы, II орын - 8, III орын - 7.
I орынды 9 сынып оқушылары № 38 НОМ Шерстянникова Ксения, № 24 ЖОМ Манзиев Тамерлан иеленді. Ксения А. Байтұрсыновтың «Адамдық диканшы..» тақпағын жатқа оқыды, викторинада тіл білімін көрсетті. Тамерлан Ы. Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық...» тақпағын жатқа оқыды, әр адамға өзінің туған тілін білу құштарлығы және өзінің тарихи жерінде белгілі мұғалім Ы. Алтынсарин өмір сүріп, жұмыс істегенін мақтан тұтатыны жөнінде өз пікірін айтты.
- Ы. Алтынсариннің толерантты, әдепті, бір-біріне шыдамды болуға үйреткені қазіргі кезде де өзекті, - деп атап өтті Темерлан.
II орынды № 6, 9, 11, 21, 32, 38, 40, М. Әуезов атындағы мектеп оқушылары, III орынды - № 5, 16, 18, 27, 34, 36, Жетекші мектеп оқушылары иеленді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласының білім бөлімінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталды. I, II орын алған оқушылар қазан айында облыстық турға қатысады.