Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Дүниежүзілік балалар күніне арналған республикалық онкүндікті өткізу туралы
08-11-2022 14:09

2022 жылғы 8 - 20 қараша аралығында Дүниежүзілік балалар күніне, Қазақстандағы балалар жылына арналған республикалық онкүндік өткізіледі.

Павлодар қаласының білім беру бөлімі онкүндіктің шеңберінде 8-20 қараша аралығында «Қатыгездіксіз және зорлық - зомбылықсыз балалық шақ» ақпараттық науқанын және 10 - 20 қараша аралығында «Бала құқығы - адам құқығы» республикалық онкүндікті өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірледі.

Республикалық онкүндіктің қатысушылары: білім беру ұйымдарының оқушылары, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері, мемлекеттік органдардың, педагогикалық, ата-аналар қоғамдастығының, бизнес-құрылымдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, БАҚ өкілдері. Дүниежүзілік балалар күніне арналған іс-шараларды ұйымдастыру балалардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелеріне, мемлекеттік органдарға, үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдарға ерекше назар аударудың дәлелі болып табылады.

Онкүндіктің мақсаты - мерекелік іс-шараларды ұйымдастырудың бірыңғай тәсілдерін әзірлеу, мемлекеттік құрылымдардың, қоғамдық, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың, бизнес-топтардың, БАҚ-ды балалардың мүддесі үшін мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелеріне қоғамның назарын аударудағы күш-жігерін біріктіру.

Республикалық онкүндіктің міндеттері:

1) мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғамның сындарлы диалогын құру;

2) балалардың құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік іс-шаралар туралы жұртшылықты хабардар ету;

3) қайырымдылық қозғалысын жандандыру;

4) балалардың барлық санаттарын мерекелік іс-шаралармен, оның ішінде қашықтықтан жаппай қамтумен қамтамасыз ету;

5)балаларға арналған аумақтарды абаттандыру бойынша жобаларға бастама жасау.

Республикалық онкүндікті өткізудің өзектілігі:

Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Ұлттық саясатының негізгі бағыттарының бірі болып табылады.

Бүкіл әлемде Дүниежүзілік балалар күні 20 қарашада атап өтіледі.

1954 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы № 836 (IX) қарар қабылдады және барлық елдерге Дүниежүзілік балалар күнін атап өтуге кеңес берді.

20 қараша күні кездейсоқ таңдалмады: 1959 жылы осы күні БҰҰ Бас Ассамблеясы «Балаларға бақытты балалық шақты қамтамасыз ету» мақсатымен бала құқықтары туралы Декларация қабылдады.

Мереке барлық азаматтарды тиісті заңнамалық және басқа шараларды жүзеге асыра отырып, балалардың құқықтарын сақтауға шақырады.

Қазақстан Республикасы 1994 жылы бала құқықтары туралы Конвенцияны ратификациялады. Дүниежүзілік балалар күніне танымдық, тақырыптық, мәдени және спорттық іс-шаралар циклін орайластыру жоспарлануда.

 

 

Павлодар қаласының білім беру бөлімі