ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Математика және бағдарламалау бойынша облыстық жасөспірімдер олимпиадасының қорытындысы
10-11-2022 15:32
Математика және бағдарламалау бойынша облыстық жасөспірімдер олимпиадасының қорытындысы

Павлодар облысы білім беру басқармасының «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру ғылыми-практикалық орталығы жаратылыстану-математикалық бағыт пәндері және математика мен бағдарламалау бойынша бағдарламалау жөніндегі ХІІ облыстық жасөспірімдер олимпиадасының қорытындысын шығарды. Олимпиада 2022 жылдың 9 қарашасында Абай атындағы дарынды балаларға арналған гимназияда өтті. Мақсаты - оқушыларды жоғары деңгейдегі олимпиадаларға дайындау жүйесін жетілдіру, жаратылыстану-математикалық бағыт және бағдарламалау пәндері бойынша олимпиадалық резерв құру.

Олимпиадаға № 17, 18, 26, 34, 41, М. Әуезов атындағы мектептердің 7 - 8 сыныптардың 6 оқушысы қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша 4 оқушы жүлделі орындарға ие болды.

Математикадан III орынды № 41 ЖОМ 7-сынып оқушысы Федоров Александр, № 34 ЖОМ 8-сынып оқушысы Барлыбаева Дана иеленді. Бағдарламалау бойынша № 17 ЖОМ 8-сыныбын оқушысы Осевич Виктор, М. Әуезов атындағы ЖОМ 7-сыныбын оқушысы Ткачев Артур иеленді.  Жүлдегерлер «Ертіс дарыны» орталығының III дәрежелі дипломдарымен марапатталды.