Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Температуралық режим
17-11-2022 11:18

 

Құрметті ата-аналар, оқушылар, ұстаздар!

 

Павлодар облысында қолайсыз ауа райы жағдайында оқушыларды қашықтықтан оқыту форматына ауыстыру туралы температуралық параметрлер бекітілді!

Облыс мектептеріндегі сабақтар қашықтықтан оқыту режиміне:

- 25 градус және одан төмен 2 м/с және одан жоғары жылдамдықпен жел кезінде – 0-4 сыныптарда;

- 30 градус және одан төмен 2 м/с және одан жоғары жылдамдықпен жел кезінде – 0-9 сыныптарда;

- 33 градус және одан төмен 2 м/с және одан жоғары жылдамдықпен жел кезінде – 0-11 сыныптарда;

- 29 градус және одан төмен 5 м/с және одан жоғары жылдамдықпен жел кезінде – 0-9 сыныптарда;

- 30 градус және одан төмен 5 м/с және одан жоғары жылдамдықпен жел кезінде – 0-11 сыныптарда және 1 курс үшін колледждерде ауыстырылады;

Егер жел секундына 5 метрден асса минус 29 градус температурада –  0-9 сынып оқушылары үшін, 30 градустан төмен температурада – 0-11сынып оқушылары мен колледждердің 1 курс оқушылары үшін сабақ тоқтатылады.

Желдің жылдамдығы секундына 20 метр болғанда – 1-4  сыныптарда; желдің жылдамдығы секундына 25 метр болғанда – 1-11 сыныптарда сабақтар тоқтатылады.

Білім беру мекемелеріндегі оқушыларды сабақтан босату немесе онлайн-режимде ұйымдастыру көрсетілген нормативтерге сәйкес «Қысқы кезеңде қаланың, ауданның және ауылдық аймақтың білім беру ұйымдарындағы сабақтардың температуралық режимі туралы» қалалар мен аудандардың білім беру бөлімдері басшыларының бұйрықтары негізінде жүзеге асырылады.

Сабақтарды тоқтату туралы ақпарат қалалық және аудандық білім беру бөлімдерінің ресурстарында жарияланады. Ақпаратты сынып жетекшілерінен де білуге болады.

Ауа райына байланысты сабақтан босатылған жағдайда да мектепке келген балалардың оқуы кестеге сәйкес өткізіледі!