Размер шрифта:
↑Наверх
ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Көптілділіктен оқушылардың қалалық олимпиадасы өтті
18-11-2022 09:35
Көптілділіктен оқушылардың қалалық олимпиадасы өтті

        Павлодар қаласының білім бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты  қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығы 2022 жылғы 16 қарашада № 7 мектепте көптілділіктен облыстық олимпиаданың қалалық турын өткізді. Мақсаты - зияткерлік көпмәдениетті тұлғаны қалыптастыру, оқушылардың тілдерді үйренуге деген ынтасын арттыру. Мектеп олимпиадаларында жүлделі орындарға ие болған қаланың 34 мектебінің 9 - 11 сыныптарының 86 оқушысы қатысты.

Ережеге сәйкес олимпиада 2 турда өткізілді - іріктеу - эссе жазу және ауызша - берілген тақырыпта сөйлеу үш тілде.

Олимпиада қорытындысы бойынша 33 оқушы жүлделі орындарға ие болды. І орынды № 2, 24, М. Жүсіп атындағы ЖОМ 3 оқушысы, ІІ орынды - № 2, 17, 25 (2), 35 (2). Байтұрсынов  атындағы, Ж. Тәшенов атындағы, Кенжекөл мектептерінің 9 қатысушысыі, III орынды - № 2, 7, 11 (2), 17, 21, 29, 35, 41, Қ. Мақпалеев атындағы, Ш. Шоқин атындағы, Қ. Бекхожин атындағы, М. Әлімбаев атындағы, М. Жүсіп атындағы, А. Бөкейхан атындағы (3), М.Жүсіп атындағы, Б. Момышұлы атындағы, Ж. Тәшенов атындағы, Кенжекөл ЖОМ  21 қатысушысы иеленді.

Олимпиада жеңімпаздары М. Жүсіп атындағы ЖОМ 9 сынып оқушысы Исаханова Айым, № 2 ЖОМ 10 сынып оқушысы Қабду Әйгерім, № 24 ЖОМ 11 сынып оқушысы Шамшит Айша. Қатысушылар ең көп ұпай жинап, қазақ, орыс, ағылшын, француз тілдерін жақсы меңгергендіктерін көрсетті.

 

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласының білім бөлімінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталды. Олимпиада жеңімпаздары 18 қарашада облыстық олимпиада турында Павлодар қаласының атынан қатысады.