«Үздік педагог - 2022» республикалық байқауының қорытындысы бойынша Павлодар қаласы Ж. Ташенев атындағы ЖОМ тарих пәнінің мұғалімі Әлия Егінбайқызы Қасымжанова байқаудыңжеңімпазы атанды және республика педагогтерінің салтанатты түрде өткен құрметтеуіне шақырылды. 2022 жылғы 18 қарашада Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі жеңімпаздарды құттықтады.
Әлия Егінбайқызы мұғалім ретінде 24 жыл, 7 жылдан астам осы мектепте мұғалім болып жұмыс істейді. Ол жаңашыл мұғалім, «Тұлғаның негізгі құзыреттерін дамыту және тұлғаны табысты әлеуметтендіру үшін оқытудың интерактивті әдістерін қолдану», «Оқытудың белсенді әдістерінің сөздігі» әдістемелік құралдарының авторы. Сабақтарда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданады, дарынды оқушылардың зияткерлік белсенділігін арттыру бойынша жұмыс істейді. Оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту үшін ол «Оқушылардың тарих пәні бойынша шығармашылық қабілеттерін дамытуға арналған тапсырмалар жинағы», «Мәтінмен жұмыс бойынша тапсырмалар жинағы» атты өзі дайындаған әдістемелік әзірлемелерді пайдаланады.
Әлия Егінбайқызы өз білімін жетілдіреді, балаларды оқыту мен тәрбиелеудің жаңа жолдары мен әдістерін іздейді, тарих пәні бойыншақала және облыс мұғалімдерінің шығармашылық тобына кіреді. Пәнді тереңдетіп зерделеу және оқушыларды ҰБТ-ға сапалы даярлау мақсатында ол «Тарихи дәуір» факультативтік курсын әзірледі, мектептегі еріктілер және пікірсайыс қозғалысының жетекшісі болып табылады.Оның ашық сабақ әзірлемелері 2022 жылы «Жарқын Болашақ» республикалық ғылыми-әдістемелік журналында жарияланды.
Педагогикалық қызмет кезеңінде облыстың білім беру басқармасының Алғыс хаты (2016 жыл), Павлодар қаласы әкімдігінің «Құрмет» грамотасы (2019 жыл) бар, ол облыс әкімінің «Павлодар облысының білім беру жүйесіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісінің иегері, 2017 - 2020 жылдары облыстық және республикалық деңгейдегі жеңімпаздарды сапалы дайындағаны үшін Павлодар қаласы әкімінің Алғыс хатымен марапатталған, 2021-2022 жылдары республикалық пәндік олимпиада жүлдегерін дайындағаны үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хатымен марапатталды.Ол облыстық «Жыл мұғалімі - 2020», қалалық «Үздік педагог - 2019», «Үздік педагог - 2020», халықаралық Сәтбаев оқуларының жүлдегері, облыстық «Дидактикалық материалдар» - 2016 - 2020 жылдар байқауының жеңімпазы.
Оның оқушылары Айдарханов Айдар, 10 сынып оқушысы 2019 жылы республикалық пән жеңімпазы, Нұрболат Аружан, 10 сынып оқушысы 2022 жылы республикалық пән олимпиадасының жеңімпазы, Салимова Диана, 6 сынып оқушысы 2022 жылы «Зерде» облыстық турының жеңімпазы, Садартинова Айдана, 9 сынып оқушысы 2022 жылы облыстық ғылыми жобалар турының жеңімпазы.