ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Физика мұғалімі ұлттық байқауда бас жүлде жеңіп алды
02-12-2022 08:28
Физика мұғалімі ұлттық байқауда бас жүлде жеңіп алды

«Ұстаздар аламаны» байқауының қараша айында өткен бірінші іріктеу турының қорытындысы бойынша 28 жас педагогтың ішінен 6 қатысушы екінші финалдық турға өтті.

Естеріңізге сала кетейік, қалалық байқаудың екінші финалдық кезеңіне: Ауталипов Нияз Ерболұлы, № 41 мектептің тарих пәнінің мұғалімі, Ахылбек Нұрсұлтан, М. Әлімбаева мектебінің физика пәнінің мұғалімі, Рысқұл Меруерт Бауыржанқызы, М. Жүсіп атындағы мектептің тарих пәнінің мұғалімі, Ташкенбаева Жәмила Көшербайқызы, № 2 мектептің информатика пәнінің мұғалімі, Тілеуберді Жадыра, № 20 балабақшаның музыка жетекшісі, Төкен Ақерке Торжанқызы, Ж. Тәшенев атындағы мектептің бастауыш сынып мұғалімі.

Финалдық тур 2022 жылдың 1 желтоқсанында өтті. Қазылар алқасының құрамында Торайғыров университеті, Педагогикалық шеберлік орталығы облыстық филиалы, қалалық кәсіподақ ұйымы, білім бөлімі мен мектептердің өкілдері жұмыс істеді.

Финалдық турда педагогтер 3 байқауға қатысты: «Жүзден жүрек» - бұл байқауларға қатысушылар қазақ кинематографиясы мен әдебиетінен алынған үзінділердің аудио және бейне сұрақтарына жауап берді, «Сөз тапқанға қола жоқ» - қатысушылар педагогикалық жағдаяттарды шешті, «Шындық - жалған» - қатысушылар қазақ халқының салт-дәстүрлеріне, тарихи тұлғаларына, мәдениетіне немесе кез келген тарихи оқиғасына байланысты мәселелерге қатысты сұрақтарға «иә» немесе «жоқ» деп жауап берді.

- Зияткерлік конкурстарға қатысу жас педагогтардың кәсіби және тұлғалық өсуіне ықпал етеді, олардың шығармашылығы мен қазіргі білім беру кеңістігіндегі бәсекеге қабілеттілігін дамытады, - дейді Торайғыров университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Еңлік Жұматаева.

Қазылар алқасының шешімі бойынша жүлделі орындар барлық қатысушыларға берілді.

Бас жүлдені М. Әлімбаев мектебінің физика пәнінің мұғалімі Ахылбек Нұрсұлтан иеленді.

І орынды № 41 мектептің тарих пәнінің мұғалімі Ауталипов Нияз Ерболович, II орынды М. Жүсіп атындағы мектептің тарих пәнінің мұғалімі Рысқұл Меруерт Бауыржанқызы және № 2 мектептің информатика пәнінің мұғалімі Ташкенбаева Жәмиля Көшербайқызы, ІІІ орынды № 20 балабақшаның музыкалық жетекшісі Тілеуберді Жадыра және Ж. Тәшенов атындағы мектептің бастауыш сынып мұғалімі Төкен Ақерке Торжанқызы иеленді.

- Бүгінгі байқау қызықты әрі тартымды өтті, мен өзім физика пәнінің мұғалімі болсам да, өз халқымның тарихы, әдебиеті, салт-дәстүрлері туралы білімімді кеңейттім. Барлық қатысушылар жақсы дайындалып, елеулі бәсекелестікке ие болды. Мұндай шаралар көп болса екен, - дейді гран-при иегері физика пәнінің мұғалімі Ахылбек Нұрсұлтан.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге қалалық кәсіподақ ұйымының атаулы күнделіктері мен білім бөлімінің дипломдары табыс етілді.

Гран-гри иегеріне «Ұстаздар аламаны» кубогы табысталды және ол байқаудың облыстық кезеңінде қаланың намысын қорғайтын болады.