Павлодар қаласының № 36 экологиялық бағыттағы мектебінің 7 сынып оқушылары ағылшын тілінде жазу дағдыларын тәжірибеде қолдануға шешім қабылдады. Олар зерделенген лексикалық және грамматикалық құрылымдарды қолданды, сонымен қатар хат жазу алгоритмі бар жадынамалар таратылды. Ең қызықты және маңызды сәт хатқалтаға қол қою болды, өйткені хатқалтада дұрыс мекен-жай көрсетілмесе, хат адресатқа жетпейді. Ағылшын тілінде оны толтыру тәртібі бар: Name, House number and Street, Town or City, County, Region, Postcode.
- Санта Клаусқа хат - бұл жаңа жылдық қарбаласта оқушыларға ағылшын тілін үйренудің ажырамас бөлігі. Хаттар сирек жазылады, бірақ бұл бекер. Жаңа жыл қарсаңында ең танымал адресат - бұл Санта Клаус. Ол Финляндияда Лапландияның астанасы Рованиемиде тұрады. Мұнда оның резиденциясы орналасқан. Барлық хаттар Санта Клаустың поштасына келіп түседі, онда хаттарды қабылдайтын және сұрыптайтын көмекшілері жұмыс істейді, - дейді ағылшын тілі мұғалімі Колот Розалия Валерьевна.
Хатта оқушылар өздері туралы, биылғы жылды қалай өткізгендері және қандай сыйлықтар алғысы келетіндері туралы айтып берді. Ағылшын тілді балалар Санта Клаусқа хат жазғанда, әдетте жаңа жылда не істейтіндері және не істемейтіндері туралы уәде береді. Бұл уәделер Newyear' s Resolutions деп аталады, сондықтан 7-сынып оқушылары хаттарын уәделерімен толықтыруды ұмытпады.
Сабақтан кейін оқушылар үлкен қуанышпен өз хаттарын пошта бөлімшесі арқылы жіберуге кетті. Олардың көпшілігі үшін бұл бірінші рет болды. Жаңа жылдық іс-шаралар әрқашан балалар үшін ерекше оқиғалар болып табылады. Розалия Валерьевна оларды жарқын және есте қаларлықтай етуге кеңес береді, осылайша ескі жылдың соңы мен жаңа жылдың басы тек жағымды эмоциялар әкеледі және ағылшын тілін үйренуге деген ынтаны қолдайды.