ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Педагог-психологтердің әдістемелік семинары
12-12-2022 13:52
Педагог-психологтердің әдістемелік семинары

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті № 26 ЖОМ облыстық ресурстық орталығымен және облыстың білім беру басқармасымен бірлесіп ZOOM платформасында облыстың педагог-психологтерін қосумен онлайн режимінде «Педагог-психологтің кәсіби құралдары» атты облыстық ғылыми-әдістемелік семинар өткізді. Мақсаты - кәсіби өсуді арттыру және әдістемелік көмек көрсету. Қала мен облыстың жалпы білім беретін мектептерінің 100-ге жуық педагог-психологтері қатысты.

Семинар қатысушыларына педагог-психологтің кәсіби диагностикалық және практикалық құралдары ұсынылды. Жас мамандар педагогтердің кәсіби жетілмей қалуының алдын алу әдістерімен танысты.

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдіскері Шолпан Саменқызы Нұрахметова педагог-психологтердің кәсіби деңгейін арттыру, логопед-мұғалімдермен, Павлодар педагогикалық университетінің педагог-ассистенттерімен ғылыми-психологиялық сүйемелдеу бойынша одан әрі ынтымақтастық, авторлық бағдарламалар мен әдістемелік-дидактикалық материалдар шығару мәселелеріне тоқталды.

Карпова Ирина Владимировна, педагог-зерттеуші, № 26 ЖОМ психологі, қалалық педагог-психологтер әдістемелік бірлестігінің жетекшісі, «Тәрбие алаңы» жобалық кеңсесінің облыстық психологтер жұмыс тобының мүшесі, педагог-психологтердің диагностикалық құралдарды зерделеуінің маңыздылығын атап өтіп, балалар - ата-аналар қарым-қатынасын диагностикалау әдістерімен таныстырды. № 32 ЖОМ педагог-психологі, облыстық педагог-психологтердің жұмыс тобының мүшесі Бережная Анастасия Алексеевна «Педагог-психологтің практикалық құралдары. Күйіп қалу факторлары мен күйіп қалуға қарсы ресурстардың өзара әрекеттесу моделі» тақырыбында баяндама жасады, эмоцияларды реттеуге баса назар аударды.

Аталған іс-шара тыңдаушылардың оң пікірлерін алды, семинар мазмұнының жоғары кәсібилігі мен қолданбалы маңыздылығы атап өтілді. Семинар материалдары қала және облыс мектептеріне жолданды.