ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Бастауыш сынып мұғалімдері арасындағы математикадан олимпиада
21-12-2022 14:34
Бастауыш сынып мұғалімдері арасындағы математикадан олимпиада

Павлодар қаласының білім беру бөлімі 2022 жылғы 20 желтоқсанда Малайсары батыр атындағы мектепте бастауыш сынып мұғалімдері арасында математикадан «Алтын тұғыр» республикалық олимпиадасының қалалық кезеңін өткізді. Мақсаты - шығармашылық әлеует пен педагогикалық шеберлікті дамыту және қолдау, кәсіби қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізу, педагогикалық кәсіп мәртебесін арттыру.

Павлодар қаласының жалпы білім беретін мектептерінің 63 мұғалімі қатысты. Олимпиада қатысушылары математика бойынша аналитикалық және есептеу сұрақтарын орындап, логика мәселелерін шешті.

Олимпиада қорытындысы бойынша 14 мұғалім жүлделі орындарға ие болды және олимпиаданың облыстық кезеңіне қатысуға жіберілді.

І орынды № 36 ЖОМ мұғалімі Татьяна Ивановна Акимочкина, Салтанат Мейірманқұлқызы Темірбекова (№ 25 ЖОМ), Анастасия Сергеевна Сироткина (С. Торайғыров атындағы ЖОМ) иеленді.

ІІ орынды А. Шамкенов атындағы лицейектебінің мұғалімі Жангузина Насихат Мейрманқұлқызы, Овчинникова Лариса Стальбертовна (№ 5 ЖОМ), Орынғазиева Гүлназ Орынғазықызы (Жетекші ЖОМ), Тайлақова Айнагүл Ирмекқызы (М. Әуезов атындағы ЖОМ), Керимова Диана Тәңірбергенқызы (А. Шамкенов атындағы лицейектебі), Исимова Әлия Баранбайқызы (№ 18 ЖОМ) иеленді.

ІІІ орынды Кенжекөл ЖОМ мұғалімі Оксана Николаевна Бовина, Әсем Тимофеевна Сеитова (Б.Момышұлы атындағы ЖОМ), Мадина Төлеутайқызы Калиякбарова (Ш. Шөкин атындағы гимназия-мектебі), Динара Сапарбекқызы Абдулина (Б. Момышұлы атындағы ЖОМ), Меруерт Мұратқызы Ауған (М. Әлімбаев атындағы ЖОМ) иеленді.

«Ерекше жетістігі үшін» номинациясында Гордеева Елена Викторовна, А. Байтұрсынов атындағы ЖОМ мұғалімі, Кисмат Зарина Мұратқызы (№ 30 ЖОМ), Әбілдинова Ақмарал Жанболатқызы (Малайсары батыр атындағы ЖОМ), Омарғалиева Анара Құдайбергенқызы (№ 29 ЖОМ), Жомартова Камал Сатыбалдықызы (Ә. Бөкейхан атындағы лицей-мектебі), Күлдікова Әсия Қабылжанқызы (№ 40 ЖОМ), Нукушева Ардақ Сайкенқызы (№ 15 ЖОМ) алды.