ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жас каратист Республика Кубогын иеленді
27-12-2022 09:07
Жас каратист Республика Кубогын иеленді

Павлодар қаласы № 41 жалпы білім беру мектебінің 4 сынып оқушысы Ксения Цыбина Алматы қаласында өткен 30 кг дейін 10 - 11 жас санатында каратэ-кекушинкайдан Қазақстан Республикасы Кубогының турниріне қатысып, жеңімпаз атанды. Ол бірнеше жекпе-жекөткізіп, мерзімнен бұрын жеңіске жетті. Еліміздің 12 аймағы - Астана, Алматы, Жетісу, Атырау, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, Абай, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарынан 400-ден астам спортшы қатысты.Ксения Павлодар, Қарағанды, Алматы, Ақмола облыстарының бірнеше дүркін чемпионы.

- Турнир мағанұнады, қарсыластар көп болды, ғимарат үлкен, өте әдемі кубоктар мен медальдар, дипломдар болды. Үш жекпе-жек өткіздім, Алматы облысынан келген қарсыластарыммен күрестім, - дейді Ксения.

Қыз каратэмен кекушанкай каратэ федерациясында 7 жастан бастап айналысады. Ол алтын жолақты көк белбеудің, түрлі деңгейдегі республикалық турнирлер медальдарының иегері. Оның 14 алтын, 4 күміс, 5 қола медалі бар. Жаттықтырушысы Қазақстан Республикасының спорт шебері, 2 дан қара белбеу иегері Сайлау Талгатович Ильяс.

Ксения бірінші сыныптан бастап үздік оқушы, көпшіл, ақ пейілді, ашық, көшбасшылық қасиеттерге ие.