Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Психологиялық-педагогикалық қызметтің ата-аналар жұртшылығымен өзара іс-қимылы
12-01-2023 09:28
Психологиялық-педагогикалық қызметтің ата-аналар жұртшылығымен өзара іс-қимылы

Жас педагог-психологтарға әдістемелік көмек көрсету аясында Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті облыстық «Тәрбие алаңы» жобалық кеңсесімен бірлесіп, облыстық оқушылар сарайында ай сайын «Кеңес беру әдісі ата-аналармен жұмыстың негізгі нысаны ретінде» әдістемелік сағатын өткізді. Облыстың жалпы білім беретін мектептерінің жас педагог-психологтері қатысты.

Кездесуде Карпова Ирина Владимировна, педагог-зерттеуші, № 26 ЖОМ психологі, қалалық педагог-психологтер әдістемелік бірлестігінің жетекшісі, «Тәрбие алаңы» жобалық кеңсесінің облыстық психологтер жұмыс тобының мүшесі «Ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру. Мектептерде ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуді ұйымдастырудағы педагог-психологтың рөлі» атты шебер-сағатын өткізді. Әдістемелік сағатқа қатысушыларға психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметінің жұмысы, негізгі нормативтік актілер, мектептегі психологиялық-педагогикалық консилиумдарды, ата-аналар лекторияларын ұйымдастыру ережелері, мектептердегі педагог-психологтардің қызметі туралы түсініктемелер берілді.

Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша жаңа жоба қала мектептерінде оқушыларды дамыту және тәрбиелеу, отбасы мен мектептің өзара іс-қимылы мәселелері бойынша іске асырылуда, балалар мен ересектердің эмоционалдық интеллектін арттыруға бағытталған. Өткізілген іс-шараның қорытындысы бойынша қатысушыларға жұмыста пайдалану үшін әдістемелік материалдар, ұсынымдар мен нұсқаулықтар берілді. Семинар материалдары қала мектептеріне жолданды.