Спорттық туризм бойынша республикалық турнирде және спорттық туризм бойынша Қазақстан чемпионатында Павлодар қаласы білім беру бөлімінің балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығының 18 адамнан тұратын командасы өнер көрсетті. Турнир 4-8 қаңтарда Алматы облысының Чапаев кентінде өтті.
Турнир «Жеке», «Байламдар», «Эстафета», «Командалық» қашықтықтар бойынша өткізілді. Экология және туризм орталығы 14 - 18 жас аралығындағы жасөспірімдер тобынан үш команда және 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер тобынан бір команда шығарды.
Жасөспірімдер арасындағы республикалық турнирдің қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте «Павлодар» командасы I орын алды, «Павлодар 1» командасы қола жүлдеге ие болды.
Спорттық туризм бойынша Қазақстан чемпионатында I орынды «Павлодар» командасы иеленді. Жалпы есепте павлодарлықтар 57 жүлделі орынға ие болды - 21 бірінші, 15 екінші, 21 үшінші.
- Мен үшін басшы ретінде біздің команданың өнері ең әсерлі болды. Егер басқа командаларда 3 ұл мен қыз болса, біздің командада 3 қыз және ұл болды, олар республиканың қалған командаларына қарағанда жақсы өнер көрсетіп, ІІІ жалпы командалық орынға ие бола алды, - деп өз әсерлерімен басшы Ирина Валерьевна Ридзаускене бөлісті.
«Юниорлар» тобындағы қыздар арасында «Жеке» дистанциясында М. Әуезов атындағы мектептің 9-сынып оқушысы, «Павлодар-1» командасынан Бикмулина Дания чемпион атанды.
«Байламдар» қашықтығында аралас байламда І орын «Павлодар» командасынан М. Әуезов атындағы ЖОМ 9-сынып оқушысы Муравкина Дарья, ұл балалар арасында М. Әуезов атындағы орта мектептің 10 сынып оқушысы Идрисов Елнұр болды.
Жасөспірімдер арасында «Эстафета» қашықтығында ІІ орынды «Павлодар» командасы, ІІІ орынды «Павлодар-1» командасы иеленді.
Ең қиын қашықтықтардың бірінде «Командалық» ІІ орынды «Павлодар» командасы, ІІІ орынды «Павлодар-1» командасы иеленді.