ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Павлодар мектептерінің 28 пікірсайыс командасы қалалық турнирде бақ сынасты
17-01-2023 09:23
Павлодар мектептерінің 28 пікірсайыс командасы қалалық турнирде бақ сынасты

Облыстық ұлттық пікірсайыс турнирінің қалалық іріктеу кезеңіне № 5, 6, 11, 14, 17, 18, 21, 26, 27, 29, 30, 31, 36, 39, 40, 41, 43, 46, Қ. Мақпалеев, Ш. Шоқин, А. Шамкенов, Р. Нұртазина, С. Торайғыров, А. Байтұрсынұлы, М. Әуезов, Кенжекөл, Жетекші ЖОМ  28 мектеп командасы қатысты. Пікірталас өткізудің мақсаты - шығармашылық сыни ойлау, көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, өзекті тақырыптарды талдау және  анализ жасау, ел тарихын білу. Ұйымдастырушы - Павлодар қаласы  білім бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту  және балалардың  дарындылығын дамыту орталығы, Малайсары батыр атындағы мектепте өтті.

   Төрешілер алқасында «VERITAS» клубының жетекші пікірсайысшылары болды. Турнир екі турда өткізілді: іріктеу және қорытынды. Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша қорытынды кезеңге қатысу үшін сегіз команда анықталды. Іріктеу кезеңі Британдық парламенттік формат бойынша өтті (төрт іріктеу кезеңі).

Американдық парламенттік формат бойынша өткізілген қорытынды кезеңнің қорытындысы бойынша (1/4, 1/2 және финалдық раунд) жүлделі орындарға 3 команда ие болды.

І орынды № 11 ЖОМ «Парасат» командасы иеленді. Пікірсайыс тақырыбы «Бұл палата Мәңгілік болуды қалайды», онда команда дәлелдер мен қарама-қайшылықтардың сәтті стратегиясын таңдады, қарсыластарынан күшті болған жаңа маңызды дәлелдер келтірді.

ІІ орынды № 14 ЖОМ «HAQ» командасы «Бұл палата атом энергетикасына одан әрі толық көшумен Қазақстанда атом электр станциясын құруды қолдайды» атты пікірталас тақырыбында иеленді, атом энергетикасының болашақ дамуы бойынша өз көзқарастарын сауатты дәлелдей алды.

«Бұл палата әлеуметтік тақырыптарда фильмдер түсіретін компаниялар осы фильмнен түскен табыстың 5 - 7% - осы мәселені шешуге жұмсауы керек деп санайды»   пікірсайыс тақырыбында ІІІ орынды № 39 ЖОМ «Әліппе» командасы иеленді.

Құрмет грамотасымен № 29 мектептің «ВИН» командасы марапатталды. «Парасат» командасы облыстық турнирге 2023 жылдың 26 - 30 қаңтарында қатысады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласы  білім бөлімінің І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды. Турнирге қатысушылар «Павлодар дарыны» орталығының сертификаттарын алды.