Павлодар қаласы білім беру бөлімі әдістемелік кабинетінің жұмыс жоспарына сәйкес 2023 жылғы 30 қаңтарда № 14 жалпы орта білім беру мектебінде мектепалды сынып тәрбиешілеріне арналған «Педагогикалық дуэт» - табысты кәсіби ынтымақтастықтың дәлелі» тақырыбында қалалық тәжірибеге бағытталған семинар өтті. Бұл семинарға балабақшалар мен мектептердің мектепалды даярлығының 43-тен астам педагогы қатысты. Семинар тәжірибе алмасу бойынша ашық алаң форматында өтті. Теориялық блокта білім бөлімінің әдіскері Нұрғалиева Нұргүл Қайроллақызы мектеп жасына дейінгі балалармен ұйымдастырылған ойын қызметінің мазмұнын атап өтті. Мұрат Дарья Сембайқызы, мектеп басшысының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары мектепалды сынып педагогтерінің педагогикалық портфолиосын ұсынды.
Семинардың практикалық блогында № 14 жалпы орта білім беру мектебінің педагогтары келесі жұмыс тәжірибесін ұсынды: Гессе Светлана Васильевна, педагог-психолог «Танымдық қабілеттерін дамытуға арналған ойындар мен жаттығулар» тақырыбында практикалық сабақ өткізді. Ұсынылған тапсырмалар бірінші сынып оқушысының табысты болашағын дамытуға ықпал етеді, Бушумбаева Альмира Манарбековна логопед-мұғалім қатысушылармен «Мектеп жасына дейінгі балалардың белсенді сөйлеуін дамытуға арналған жаттығулар» тренингін өткізді. Ақтайлақова Сәуле Енсебайқызы, мемлекеттік тілде оқытатын мектепалды сынып жетекшісі танымдық дағдыларды дамыту бойынша ұйымдастырушылық қызметте қолданылатын практикалық дидактикалық материалды көрсете отырып «Математикалық фигуралар мен ойындардың көмегімен мектеп жасына дейінгі балалардың зияткерлік-танымдық қабілеттерін дамыту» тақырыбында жұмыс тәжірибесін ұсынды.
Орыс тілінде оқытатын мектепалды тобының тәрбиешісі Бейсенбекова Алма Амангелдіқызы мектепалды сынып балаларымен инновациялық дидактикалық құралдарды, ойын материалдарын пайдалана отырып, «Математикалық Галактикаға саяхат» тақырыбында ашық іс-шара өткізді. № 3 бөбекжай тәрбиешісі Әлібекова Гүлмира Сүлейменқызы тәжірибе алмасу мақсатында түрлі көрнекі материалдарды ұсынды, балалармен ұйымдастырылған қызметте ойын инновациялық технологияларын қолдану тәсілдері туралы айтып, жұмыс әдістемесімен таныстырды.
Семинар қорытындысы бойынша қатысушылармен диалог жүргізіліп, ұсыныстар берілді.