ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жас гүл әуесқойларының шығармашылығы
13-02-2023 09:41
Жас гүл әуесқойларының шығармашылығы

«Менің гүлім» экологиялық акциясы аясында Павлодар қаласының білім бөлімінің экология және туризм орталығында балалардың шығармашылық жұмыстарын қорғау кезеңі өтті. Мақсаты - экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаға қамқорлық жасау, өсімдіктерді өсіру дағдыларын қалыптастыру, табиғаттың сұлулығын бақылау. 10 балабақшаның 16 тәрбиеленушісі, қала мектептерінің 14 бастауыш сынып оқушылары қатысты.

Жұмыстардың жалпы санынан екінші кезеңге 19 ұйым екі жас санаты бойынша: 4 - 6 жас және 7 - 9 жас қатысушылары өтті, оның ішінде 10 балабақша және 9 жалпы білім беретін мектеп.

Байқау шарттары бойынша қатысушылар практикалық жұмыстарын тәжірибелік және эксперименттік шығармашылық жұмыстарды байқау бейнеролигі мен күнделігін ұсыну арқылы қорғауы тиіс.

Талаптарға сәйкес 4 - 6 жас аралығындағы қатысушылар 10 орынға ие болды, оның ішінде № 49 балабақшаның тәрбиеленушісі 6 жастағы Сарсенали Ашимхан «Посади цветок и Мир станет ярче» жобасын қорғағаны үшін гран-при алды.

I орынды № 11 балабақша тәрбиеленушісі 5 жастағы Арина Будник, бальзамин өсіру бойынша жұмысы үшін, № 24 балабақша тәрбиеленушісі 5 жастағы Амренов Назар, «Тюльпан - символ любви» жобасы үшін иеленді.

II орынды, № 49 балабақша тәрбиеленушісі Серік Айару, 4 жас, Мещанинов Артем, 5 жас, Жашенова Карина, 6 жас (№ 51), Куминова Маргарита, 6 жас (№ 85), III орын - Головчук Любовь, 6 жас, (№ 3), Сұлтан Иса, 5 жас (№ 8), Забеганова Полина, 4 жас (№ 21), Қадырова Айла, 5 жас (№ 85) иеленді.

7 - 9 жас аралығындағы қатысушылар арасында С.Торайғыров атындағы ЖОМ 3-сынып оқушысы Сергеев Артем пеларгония бөлме гүлін өсіру жобасы үшін гран-при алды.

I орынды № 21 ЖОМ 1-сынып оқушысы, Таймасова Калима, бөлме гүлі  пеларгонияның Рафаэлла түрін өсіру жобасы, № 40 ЖОМ 4-сынып оқушысы Попело Виктория, бөлме гүлдерін көбейту және күту бойынша жұмысы мен шеберлік сабағын қорғағаны үшін иеленді.

II орынды № 7 ЖОМ мектепалды даярлық сыныбының оқушысы Жеңіс Муслима, № 21 ЖОМ 2-сынып оқушысы Ботвинко Риана, С. Торайғыров атындағы ЖОМ 1-сынып оқушысы Солодовникова Валентина иеленді.

III орынды № 25 ЖОМ 1-сынып оқушысы Айдар Эмиль, М. Әуезов атындағы ЖОМ 2-сынып оқушысы Романенко Егор, Қ. Бекхожин атындағы ЖОМ 2-сынып оқушысы Темірхан Феруза иеленді.