Павлодар қаласы білім бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен 2023 жылғы 24 ақпанда сағат 14.00-де № 7 ЖОМ (Жеңіс алаңы, 13) 3 - 4 сынып оқушыларына арналған «Алтын сақа» қалалық математикалық олимпиадасы өткізіледі.
Мақсаты-оқушыларды жоғары деңгейдегі зияткерлік жарыстарға дайындау, математикадан дарынды балаларды қолдау.
Павлодар қаласы мектептерінің 3 - 4 сыныптарынан 203 оқушы қатысады.
Олимпиадалық тапсырмалар екі бөлімнен тұрады - 10 тапсырмадан тұратын тест тапсырмалары, әрбір дұрыс жауап үшін 5 ұпай, жалпы ұпай саны 50 ұпай және 10 берілген тапсырмадағы олқылықтарды толтыру. Әрбір дұрыс жауап үшін 5 ұпай, жалпы ұпай саны 50 ұпай беріледі.
Екі бөлімнің жалпы уақыты - 60 минут, қорытынды нәтиже - 100 ұпай. Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері Павлодар қаласы білім бөлімінің дипломдарымен марапатталады.
Павлодар қаласының білім бөлімі