ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Педагогикалық желілік қоғамдастық мұғалімнің кәсіби даму нысаны ретінде
15-02-2023 09:19
Педагогикалық желілік қоғамдастық мұғалімнің кәсіби даму нысаны ретінде

Павлодар қаласы білім беру бөлімі әдістемелік кабинетінің жұмыс жоспарына сәйкес 2023 жылғы 10 ақпанда № 27 ЖОМ платформасында № 27, 5, 46 мектептердің мемлекеттік тілде оқытатын бастауыш сынып мұғалімдерінің педагогикалық желілік қоғамдастығының тұсаукесері өтті.

Модератор Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдіскері Қайырғазина Шолпан Шаханқызы болды. Мектеп директорының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Мусалимова Сәуле Жасланқызы «Педагогикалық желілік қоғамдастық мұғалімнің кәсіби даму нысаны ретінде» тақырыбында коучинг өткізді, онда қатысушылар шағын жобалар арқылы өзара оқыту тәсілімен қоғамдастық моделін құрастырды, мақсаттарды, міндеттерді және күтілетін нәтижені анықтады. Педагогтар тобының басты бағыты Lesson Study сабағын зерттеу болды. Информатика мұғалімі Коммунист Азатгүл Тасыбайқызы педагогтерге Padlet тақтасы арқылы цифрлық ресурстарды қолданудың тиімділігі туралы айтып, кері байланыс жүргізді. Танымдық рефлексияны мұғалім Идрисова Әлия Серікқызы және музыкалық тренинг - Мусина Салтанат Социаловна жүргізді.

Тұсаукесердің қатысушысы Торайғыров атындағы университеттің «Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат» кафедрасының докторы, қауымдастырылған профессор Салтанат Советқызы Әубәкірова мектеп командасына Lesson Study ұзақ процесін енгізу бойынша кәсіби табыс тіледі. Презентация қорытындысы бойынша сөз сөйлеушілерге Павлодар қаласы білім берк бөлімінің сертификаттары табысталды.