ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мектептегі ерлік пен патриотизм сабақтары
16-02-2023 09:13
Мектептегі ерлік пен патриотизм сабақтары

Патриоттық сабақтар циклі аясында Павлодар қаласының № 36 экологиялық бағыттағы мектебінде Ауғанстаннан әскерлерді шығарудың 34 жылдығына арналған «Ауған, сөнген шоқ, өшкен арман тек сенен есте қалған» атты әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша кезекті турнир сабағы өтті. Мақсаты - әскери-патриоттық тәрбие беру, Отан қорғаушы мамандығын дәріптеу. Жарыс 8 - 10 сынып оқушылары арасында өтті. Төрешілер алқасында интернационалист-жауынгерлер Александр Иванович Захарчук, Ержан Қабылұлы Қайсаринов, алғашқы әскери технологиялық дайындықты ұйымдастырушы-оқытушылар Сейфулла Имантайұлы Жанбауов, Боранбай Серікұлы Тілеубаев, педагогикалық еңбек ардагері, мектептегі Ауған музейінің негізін қалаушы Николай Александрович Липин болды.

Турнирде АК-74 автоматын толық бөлшектеу және құрастыру, нысанаға пневматикалық мылтықтан ату және найза (дротик) лақтыру бойынша құрамында: оқушы, ата-ана және сынып жетекшісі бар 11 команда сайысқа түсті. Жарыс қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте 10-сынып оқушыларының командасы I, II, 8-сынып оқушыларының командасы III орын алды. Жүлделі орындарды оқушылар Мадияр Жұмагелдинов, Айдос Ұлтаев, Даниил Фитькалов, сынып жетекшілері - Айнұр Қайырбекқызы Әбікенова, Сағат Ұрболатұлы Кенжетай, Диана Михайловна Мартынович, ата-аналар - Руслан Серікұлы Қайырбаев, Қазбек Имамбай, Руслан Серікұлы Қайырбаев иеленді.Турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті.

Көрермендердің назарына «Кара майор - Ауғанстанның аңызы» деректі фильмі, алғашқы әскери технологиялық даярлық мұғалімі Е. Қ. Қабдығалиевтің жетекшілігімен «Бүркіт» әскери-патриоттық клубы мүшелерінің көрнекі өнер көрсетілімі ұсынылды.Қонақтар үшін өткен жылы қалалық Ауған ән байқауының жеңімпазы Альмира Сергалиева Виктор Цойдың «Кукушка» әнін орындады. «Соғысты тоқтатыңыз!» музыкалық композициясын Әділханова Аружан мен Эберт Анастасияның вокалдық дуэті мектеп би ұжымымен бірлесіп ұсынды.

Іс-шараға қатысушылар мектептегі Ауғанстандағы интернационалдық борышын өтеу кезінде қаза тапқан интернационалист жауынгер, мектептің бұрынғы түлегі Анатолий Александрович Финенконыңескерткіш тақтасына гүл шоқтарын қойды.

      - Біз жерлестерімізді мақтан тұтамыз және қанша уақыт өтсе де - есте сақтаймыз! Өйткені бұл біздің тарихымыз. Өткенсіз болашақ болмайды. Осы күні айтылған көптеген құттықтаулар патриот-интернационалистерге табандылық, батылдық, оптимизм берсін, - деді мектеп президенті, 10-сынып оқушысы Қабдулла Ихсан.

Ел батырларының ерлігі мен батылдығына арналған сабақтар мектепте жалғасуда.