ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Павлодарда үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп жұмыс істеу мәселелері талқыланды
16-02-2023 17:21
Павлодарда үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп жұмыс істеу мәселелері талқыланды

   Павлодар қаласының білім беру бөлімі 16 ақпанда № 15 мектепте ерекше білім беруді қажетететін балалармен жұмыс істеу мәселелері бойынша диалог алаңын өткізді. Мақсаты –үкіметтік емес ұйымдармен бірлескен жұмысты одан әрі жетілдіру. Диалог алаңының жұмысына облыстың білімберу басқармасының, психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссиялардың, «Асыл Мирас»Аутизм орталығының, «Алтын Бата» аутист балалар мен ақыл-ойында кемістігі бар балаларға арналған оңалту орталығының, «Үміт Үздеу», «Инклюзивті практика орталығы», «Тең мүмкіндіктер әлемі» ҚБ, «Қамқор», «Мари», «Шекарасыз әлем» көмек және оңалту орталығы» ҚБ өкілдері, жалпы білім беретін мектептердің директорлары, арнайы балабақшалардың басшылары, білім беруді дамытудың инновациялық орталығының әдіскерлері қатысты.

  Диалог алаңында қатысушылар инклюзивті білім беру, оқыту, әлеуметтендіру, шығармашылық даму, қосымша білім беру және тәрбиелеу үшін ерекше білім беруді қажет ететін балаларға жағдай жасау мәселелерін қарады және талқылады.

  Павлодар қаласы білім беру бөлімі басшысының міндетін атқарушы Жанат Қабатайқызы Асаинова «Павлодар қаласында инклюзивті білім беруді дамыту» тақырыбында сөз сөйледі. Өз баяндамасында жалпы білім беретін мектептерде ерекше білім беруді қажет ететін 1112 бала білім алатынын және оларды оқыту мен дамыту үшін талаптарға сәйкес қандай жағдайлар жасалғанын атап өтті. Павлодар қаласы білім беру бөлімінің сектор меңгерушісі Бақтылы Қайроллқызы Қрықбесова қатысушыларды балабақшалардағы жұмысымен таныстырып, «Қаланың мектепке дейінгі ұйымдарында ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс» тақырыбында сөз сөйледі.

   №15 жалпы білім беретін мектептің директоры Шакенова Нұргүл Жылқыбайқызы «Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға бейімделген оқыту және тәрбиелеу ортасын құру» тақырыбында, «Ресурстық орталықтың жұмыс жүйесі» тақырыбында - Щербакова Любовь Анатольевна, № 26 жалпы білім беретін мектептің директоры, «Инклюзивті білім беру. Тәжірибе. Мәселелер. Өзара іс-қимыл» тақырыбында № 6 жалпы білім беретін мектептің дефектологі Джумадиева Айгүл Жылқыбайқызы ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жалпы білім беретін мектептердің педагогикалық ұжымдарының жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

  Қосымша білім беру ұйымдарында шығармашылықты дамыту, қызығушылықтары бойынша бос уақыттарын ұйымдастыру мәселелері бойынша «Ерекше білім беруді қажет ететін балалардың шығармашылық дамуы» тақырыбында «Сауран» жасөспірімдер клубының меңгерушісі Әсем Қабдоллақызы Сыздықова сөз сөйледі.

   Диалог алаңында қатысушылар пікір алмасты және сұрақтарға жауап алды.

   Кездесу қорытындысы бойынша ерекше білім беруді қажет ететін балалармен одан әрі жұмыс істеу бойынша үкіметтік емес ұйымдармен бірлескен іс-шаралар жоспары талқыланды және қабылданды.