ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мектептің оқу-тәжірибелік учаскесінің жұмысы бойынша әдістемелік ұсынымдар
17-02-2023 09:41
Мектептің оқу-тәжірибелік учаскесінің жұмысы бойынша әдістемелік ұсынымдар

   Павлодар  қаласы білім беру бөлімінің балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығында «Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығының экологиялық-ботаникалық кешені негізінде оқу-тәжірибелік учаскесінің жұмысы бойынша әдістемелік нұсқаулар» аймақтық оқу-тәжірибелік семинары өтті. Семинарға облыс қалалары мен аудандарының жалпы білім беретін мектептерінің 70-тен астам педагогы қатысты.

  - Семинар толығымен мектептерде білім беру және тәрбие компоненттерін интеграциялау үшін алаң болуы тиіс мектеп жанындағы тәжірибелік учаскелерді ұйымдастыру мәселесінде тәжірибе алмасуға бағытталған, - экология және туризм орталығының басшысы Жанна Темірова атап өтті.

  Семинарда «Экологиялық тәрбие: идеядан іске асыруға дейін» тақырыбында экология және туризм Орталығыныңжұмыс тәжірибесі бойынша қосымша білім беру педагог-сарапшысы Нұрболат Тілеубалдинов,  мектеп жанындағы оқу-тәжірибелік учаскелердің облыстық байқау-конкурсына дайындық кезінде қандай сұрақтарға назар аудару қажет екенін «Жасыл желек» мақсаты, міндеттері, келешегі» тақырыбында орталықтың экологиялық-ботаникалық бағының меңгерушісі Светлана Михайловна Боровикина баяндап берді.

  «Өскелең ұрпақты тәрбиелеу мен оқытудағы мектеп жанындағы учаскенің маңыздылығы» тақырыбында  жұмыс тәжірибесімен Ақсу қаласы білім бөлімінің №8 орта мектебі биология мұғалімі Жанар Киянбековна Закарьянова және қызметкері Нина Васильевна Маслова, Тереңкөл ауданы білім бөлімінің № 1 Песчан жалпы орта білім беретін мектебі көркем еңбек мұғалімі Ирина Михайловна Романишина және биология мұғалімі Ольга Викторовна Красноперова, сондай-ақ, «Жасыл желек» байқауына дайындық бойынша № 2 орта мектеп тәжірибесі тақырыбында, Железин ауданы білім бөлімінің №2 орта мектеп басшының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Елена Геннадьевна Проскурякова бөлісті.

   Шеберлік-сыныбтар модераторлары «Ландшафты дизайн. Мектеп жанындағы учаскені көгалдандыру» - ландшафт дизайны бойынша нұсқаулықты жылыжай меңгерушісі Ахметуали Рашитович Капашев, «Мектеп жанындағы учаске тәжірибелік және зерттеу жұмыстарының практикалық дағдыларын дамыту жүйесі ретінде» виртуалды нұсқаулықты  Светлана Михайловна Боровикина ұсынды.

   Семинардың диалог алаңына №26, 41, 7, 15, 36, Қ. Мақпалеев, А. Байтұрсынов, Р. Нұртазин, Қ. Бекхожин атындағы Павлодар қаласының мектеп педагогтары қатысты.