ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жаңа мектепке - жаңашыл ұстаз
20-02-2023 09:29
Жаңа мектепке - жаңашыл ұстаз

Павлодар қаласының білім беру бөлімі 2023 жылғы 4 ақпаннан 17 ақпанға дейін «Жаңа мектепке - жаңашыл ұстаз» республикалық байқауының қалалық кезеңін өткізді.

Мақсаты - жас педагогтердің мәртебесі мен шығармашылық әлеуетін арттыру, олардың инновациялық қызметін дамыту, олардың кәсіби шеберлігін одан әрі арттыру және оларды жалпы білім беретін мекемелерде бекіту үшін жағдайлар жасау.

Байқау үш тапсырмадан тұрады: «Жаңа мектепке - жаңашыл ұстаз» тақырыбындағы эссе жазу, «Шығармашылық жолдың басталуы» өзін-өзі таныстыру, «Бейтаныс сыныптағы ашық сабақ» өткізу.

Мектеп кезеңіне 154 жас маман қатысты, оның ішінде 36 жеңімпаз қалалық деңгейдің іріктеу кезеңіне қатысты. «Бейтаныс сыныптағы ашық сабақ» байқауының финалына 12 жас маман шықты.

«Жаңа мектепке - жаңашыл ұстаз» байқауының финалы 2023 жылдың 14 - 15 ақпанында Ж. Ташенов атындағы мектепте және № 39 ЖОМ базасында өтті.

Финалдың қорытындысы бойынша I орынды Ауталипов Нияз Ерболович,   41 ЖОМ тарих пәнінің мұғалімі, II орынды - Бимурза Нариман, Қ. Мақпалеев  атындағы мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, III орынды - 21 ЖОМ Касен Үмітжан Нұртайқызы география пәнінің мұғалімі иеленді.

 «Шеберлік шыңына» номинациясы бойынша Нұрсұлтан Ахылбек, М. Әлімбаев атындағы мектептің физика пәні мұғалімі, «Педагог зерттеуші» номинациясы бойынша - Каралина Юрьевна Казанцева, С.Торайғыров атындағы мектептің география пәні мұғалімі. «Шығармашыл педагог» номинациясы бойынша - Арман Серибаевич Дюсембаев, Кенжекөл мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі берілді.

Байқау лауреаттары: Аубакирова Роза Нурлановна, М. Жүсіп атындағы мектептің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, Олжас Бауыржанович Задаев, А. Шәмкенов атындағы мектептің информатика пәнінің мұғалімі, Касымхан Сакенович Мухитов, Малайсары батыр атындағы мектептің  қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, Кристина Денисовна Бакланова, № 43 ЖОМ ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, Виталий Владимирович Игошин, № 39 ЖОМ дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, Жандос Қадырқұлұлы Арапбаев, № 17 ЖОМ тарих пәнінің мұғалімі.

Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері республикалық байқаудың облыстық кезеңіне қатысатын болады.