ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мектепке дейінгі білім беру педагогтерінің қалалық байқауының бірінші кезеңінің қорытындысы
20-02-2023 10:52
Мектепке дейінгі білім беру педагогтерінің қалалық байқауының бірінші кезеңінің қорытындысы

Павлодар қаласының білім беру бөлімі 2023 жылғы 13 - 17 ақпан аралығында «Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі - 2023» қалалық байқауының «Е-портфолио» атты I кезеңін өткізді. Мақсаты - кәсіби имиджді қолдау, педагогикалық инновацияларды ынталандыру, педагогтердің педагогикалық тәжірибесін жинақтау.

Қалалық байқауға қатысуға 11 педагог  № 8, 10, 11, 18, 19, 30, 35, 37, 45, 86, 96 сәбилер бақшасынан өтініш білдірді, оның ішінде 1 қазақ тілі мұғалімі, 9 тәрбиеші, 1-дене шынықтыру нұсқаушысы.

Байқаудың I кезеңінің қорытындысы бойынша ең көп балл жинаған 8 педагог «Балалармен - өткізген қызықты сәт» атты II кезеңге жіберілді. Байқаудың II турының қатысушылары Кабей Ж. (№ 8 сәбилер бақшасы), Романевич Т. Ф. (№ 86), Шайхина А. М. (№ 11), Карымсакова Г. С. (№ 30), Илюбаева А. А. (№ 35), Илялова А. С. (№ 45), Балтабаева А. З. (№ 10), Лифатова Н. А. (№ 19) болып табылады.

Мектепке дейінгі ұйымдар педагогтерінің ұсынылған тақырыптары бойынша тәрбие мен оқытудың өзекті мәселелерін шешу бойынша педагогикалық қызметті жобалау қабілетін бағалау, осы турда байқауға қатысушының кәсіби шеберлік деңгейін анықтау мақсатында педагогтер бейтаныс топтың балаларымен ашық іс-шара өткізіп, өздерінің инновациялық педагогикалық тәжірибелерін таныстыруы тиіс. Байқау қорытындысы бойынша бас жүлде, I, II, III орындар және үш «Креативті педагог», «Шығармашыл педагог», «Мамандаға адалдық» номинациялары бойынша жеңімпаздар анықталады.