ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Кітап - сарқылмас қазына
20-02-2023 11:42
Кітап - сарқылмас қазына

  Павлодар қаласы білім бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығы «Кітап - сарқылмас қазына» жобасын іске асыру аясында 2023 жылғы 15 ақпанда қалалық байқаудың бірінші кезеңі өтті. Байқау Орталық қалалық кітапханамен бірлесіп өткізілді. Мақсаты - балалардың оқу сауаттылығын, әдебиеттің әйгілі классиктерінің шығармаларын, туған өлке тарихын оқу және білу дағдыларын дамыту.

    № 5 (2), 7, 14 (3), 17 (2), 21 (3), 24 (2), 25, 29, 30, 33, 35, 36, 40, Малайсары батыр атындағы , Ш. Шоқин атындағы (2), Қ.Бекхожин атындағы, М. Әлімбаев атындағы (2), Жүсіп атындағы, Р. Нұртазина атындағы, Ж. Тәшенев атындағы, М. Әуезов атындағы (2)  жалпы білім беретін 22 мектептің 7 - 8 сыныптарының 31 оқушысы қатысты.

   Байқау шарттары бойынша қатысушылар Павлодар облысының 85 жылдығына арналған мектеп Instagram парақшасында құттықтау ролигін жариялады.

    - Барлық қатысушылар тапсырманы ерекше ықыласпен орындады, бұл олардың еңбектерінде көрініс тапты - туған өлкеге деген сүйіспеншілік, өз Отанына деген мақтаныш, облыстың дамуына елеулі үлес қосқан өңірдің белгілі тұлғаларын білу, - дейді «Павлодар дарыны» орталығының педагог-ұйымдастырушысы Г. К. Бейсенова.

    Сонымен, М. Әлімбаев атындағы мектептің 7-сынып оқушысы Бейсенбай Адалхас Ертіс өңірінің даму тарихы мен белгілі тұлғалары - ақындар мен жазушылар М. Әлімбаев, С. Торайғыров, М. Жүсіп, Қ. Бекқожин, Ж. Аймауытов туралы өзінің бейнеролигін таныстырды. Адалхас ұлы жазушы М.Әлімбаев атындағы мектепте оқығанына өзінің мақтанышын білдіріп,"Ана тілі"өлеңін жатқа оқыды.

  «Кітап - сарқылмас қазына» жобасы 3 кезеңнен тұрады «Павлодар облысының 85 жылдығына» - Instagram-да таныстыру және құттықтау, «Музафар Әлімбаевтың 100 жылдығына» - оқырмандар байқауы, «Павлодар Ертіс өңірінің белгілі тұлғалары» - 3 минуттық бейнерепортаж. Екінші тур наурыз айында өтеді.