ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Балалар - ел болашағы
22-02-2023 09:24
Балалар - ел  болашағы

Көпшілік алдында сөз сөйлеу, өзекті тақырыптарды талдау, шығармашылық және сыни ойлауды дамыту, ел тарихын білу мақсатында 2023 жылғы 17 ақпанда Малайсары батыр атындағы мектепте «Балалар - ел болашағы» дебаттық турнирі өткізілді. Ұйымдастырушы - Павлодар қаласы білім бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту  орталығы. Турнирге 24 команда Павлодар қаласының 13 мектебінен және Май ауданы, Екібастұз қаласынан, дарынды балаларға арналған «Жас дарын» мамандандырылған мектебінен 11 команда қатысты.

Төрешілер алқасында «Жаңа көзқарас» дебат мектебінің, Ә. Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің «Ақиқат» дебат клубының жетекші дебатерлері болды. Турнир екі топ бойынша өткізілді, қорытындысы бойынша облыстың 8 командасы жүлделі орындарға ие болды, оның ішінде Павлодар қаласының 4 командасы. Финалдық ойындардың нәтижесінде әр топта жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.

«Альфа» тобында 5 команда жүлделі орындарға ие болды, оның ішінде ІІІ орынға Павлодар қаласының 3 командасы - «Бұл палата 1 миллион доллардан астам ақша табуға тыйым салады» тақырыбында № 30 ЖОМ «Кахарман», «Музафар ұрпақтары» құрама командасы  М. Әлімбаев атындағы мектеп, «Бұл  палата қоғамдық орындарда діни киім киюге тыйым салады» тақырыбында Қ. Бехожин атындағы мектептер ие болды.

«Бета» тобында жүлделі орындарды облыстың 4 командасы, оның ішінде Павлодар қаласы мектептерінің 2 командасы иеленді. І дәрежелі дипломмен және жеңімпаз кубогымен Ж. Тәшенев атындағы мектептің «Қайсар қыздар» командасы марапатталды. Пікірталас тақырыбы «Бұл палата ұлт ұғымынсыз әлемді таңдайды» - қазіргі космополиттің болашағындағы маңыздылығы туралы өз көзқарастарын сауатты білдірді, мұндай адам басқаларға көмектесуге ұмтылады, құқықтар мен бостандықтарды қорғайды, басқа мәдениеттерді білуді ұнатады. ІІІ орынды «Бұл палата аштық жылдарында каннибализмді қолдайды» тақырыбында № 25 мектептің «Глодиатор» командасы иеленді.

4 номинация бойынша облыстың 12 командасы жеңімпаз атанды, оның ішінде Павлодар қаласы мектептерінің 7 командасы.

«Үздік спикер» номинациясына «Қайсар қыздар» командасы  Ж. Тәшенев атындағы мектептің оқушысы Бауен Сабина ие болды.

«Бұл палата аштық жылдарында каннибализмді қолдайды» тақырыбында № 40 ЖОМ «Алаш», № 17 ЖОМ, «Жалын», № 2 ЖОМ «Шабыт» командалары «Үздік фракция» номинациясына ие болды.

«Бұл палата ұлт ұғымынсыз әлемді таңдайды» тақырыбында  облыстың 3 командасының ішінен Павлодар қаласы Б. Момышұлы атындағы мектептің «Ұшқан ұя» командасы «Жаңа толқын» номинациясына ие болды.

«Бұл палата 1 миллион доллардан астам ақша табуға тыйым салады» тақырыбында облыс бойынша 4 командадан  Павлодар қаласы мектептерінің 3 командасы - № 46 мектептің «Дана ұрпақ», Малайсары батыр атындағы мектептің «Жас зияткер», А. Бөкейхан атындағы мектеп-лицейдің «Серт» командалары «Жаңашыл ой» номинациясын иеленді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласы білім бөлімінің түрлі дәрежелі дипломдарымен марапатталды. Турнирге қатысушылар «Павлодар дарыны» орталығының сертификаттарын алды.