ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Павлодарлық оқушылар Әбіш Кекілбаевтың шығармаларын оқыды
24-02-2023 11:49
Павлодарлық оқушылар Әбіш Кекілбаевтың шығармаларын оқыды

   Оқушылардың шығармашылық және эстетикалық қабілеттерін, көркем әдебиетті оқу дағдыларын дамыту мақсатында 2023 жылғы 23 ақпанда «Әбіш оқулары» қалалық байқауы өткізілді. Ұйымдастырушы - Павлодар қаласы  білім бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты  қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығы. Байқауға № 2 (2), 5 (2), 6 (2), 7 (2), 11 (2), 17 (3), 18 (3), 21 (2), 24 (8), 25 (8), 27 (1), 30 (2), 33 (3), 35 (8), 40, 41, 43 (8), 46, Кенжекөл,  Жетекші  (2), Қ. Бекқожин атындағы (3), М. Әлімбаев, Б Момышұлы атындағы, С. Торайғыров атындағы, А. Байтұрсынұлы атындағы (7), Ж. Тәшенев атындағы, М. Әуезов атындағы 31 жалпы білім беретін мектептің 8 - 11 сыныптың 116 оқушысы қатысты.

   Байқау шарттары бойынша қатысушылар төрт бағыт бойынша белгілі мемлекет қайраткері және жазушы Әбіш Кекілбаевтың шығармашылығы туралы білімдерін ұсынды.

   «Иллюстрация» бағытына 26 оқушы қатысты, оның ішінде № 2 ЖОМ 10 сынып оқушысы Бауыржан Азиза І орынды иеленді. Ол Әбіш Кекілбаевтың «Шыңырау», «Күй», «Шандос» шығармаларына өз иллюстрацияларын ұсынды.

   «Мәнерлеп оқу» бағытына 25 оқушы қатысты. І орынды Қ. Бекқожин атындағы ЖОМ 9-сынып оқушысы Шакарымова Адия иеленді. Ол «Ханша Дария» прозасынан үзіндіні жатқа оқыды.

   «Зерттеу жұмысы» бағытының 14 қатысушысының ішінен І орынды № 33 ЖОМ 10 сынып оқушысы Оразбек Дария иеленді. Ол «Әбіш Кекілбаевтың шығармаларындағы ұлттық құндылықтарды, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды дәріптеу» атты өз жұмысын таныстырды. Оның зерттеу жұмысы жас ұрпаққа өз халқының тарихын, дәстүрін, тілін білетін шығармашылық тұлға ретінде арналды. Бұл жобаның мақсаты Ә. Кекілбаевтың рухани мұрасымен таныстыру, ұлттық дүниетанымды, тарихты, мәдениетті қалыптастыру болып табылады.

  «Сахналық қойылым» бағытында оқушылар командалары сахналық шеберліктерін көрсетті. Қорытынды бойынша «Аңыздың ақыры үшін» романынан қойылым ұсынған № 25 ЖОМ командасы жеңімпаз атанды.

   Байқау қорытындысы бойынша 63 қатысушы жүлделі орындарға ие болды, оның ішінде I орын - 8 оқушы, II орын - 21, III орын - 34. Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері Павлодар қаласы білім бөлімінің түрлі деңгейдегі дипломдарымен марапатталды. Байқау жеңімпаздары наурыз айында облыстық оқу кезеңіне қатысады.