ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Облыстың білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңестерді қалыптастыру туралы ХАБАРЛАНДЫРУ
07-09-2023 15:34

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 (01.03.2023 ж. № 56 өзгерістермен) бұйрығымен бекітілген Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидаларының және оны білім беру ұйымдарында сайлау тәртібінің (бұдан әрі – қағидалар) 8-тармағын орындау үшін арнайы, мамандандырылған білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, қосымша білім беру ұйымдарындақамқоршылық кеңестерді қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Қағидалардың 10-тармағына сәйкес орта білім беру ұйымдарының, оның ішінде мамандандырылған және арнайы білім беру ұйымдарының Қамқоршылық кеңесінің құрамына:

      1) осы білім беру ұйымындағы білім алушылардың ата-аналары немесе заңды өкілдері (әрбір сынып параллелінен осы білім беру ұйымындағы білім алушылардың бір ата-анасы немесе заңды өкілі) – 11 адамнан аспайды;

      2) педагогикалық еңбек ардагерлері (бар болса) – 1 адам;

      3) жергілікті өкілдік және/немесе атқарушы, және/немесе құқық қорғау органдарының өкілдері – 1-3 адам;

      4) үкіметтік емес (коммерциялық емес) ұйымдардың өкілдері – 1-2 адам;

      5) қайырымдылық жасаушылар және/немесе меценаттар (бар болса) – 1-2 адам;

      6) бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері (бар болса) – 1 адам;

      7) оқушылардың өзін-өзі басқару органдарының өкілдері – 1-2 адам.

Орта білім беру ұйымдарының Қамқоршылық кеңесінің құрамына:

     1) білім беру ұйымының әкімшілік аумағында орналасқан қорғаншылық және қамқоршылық органдарының өкілдері-1 адам;

      2) үкіметтік емес (коммерциялық емес) ұйымдардың өкілдері - кемінде 3 адам. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын бір заңды тұлғадан Қамқоршылық кеңеске бір ғана өкіл сайлана алады;

      3) жергілікті өкілдік органдарының өкілдері – 1 адам;

      4) мемлекеттік органдардың өкілдері – 1 адам;

     5) құқық қорғау органдарының өкілдері – 1 адам;

     6) бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл (бар болса) – 1 адам;

     7) республикалық немесе жергілікті қоғамдық кеңестің өкілі-1 адам;

     8) Ұлттық алдын алу механизмніңқатысушысы (бар болса) – 1 адам;

     9) қайырымдылық жасаушылар және / немесе меценаттар (бар болса) – 1-2 адам;

     10) бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі (бар болса) – 1-2 адам;

     11) тәрбиеленушілердің өзін – өзі басқару органдарының өкілдері – 1 адам.

          Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы қамқоршылық кеңестің құрамына:

          1) мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілерінің ата-аналары немесе заңды өкілдері (әрбір жас тобынан осы мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушісінің бір ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілінен) - жас топтарының санына кедергі келтірмейді;      

2) педагогикалық еңбек ардагерлері (бар болса) – 1 адам;

         3) жергілікті өкілдік, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері – 1-3 адам;

         4) үкіметтік емес (коммерциялық емес) ұйымдардың өкілдері – 1-2 адам;

         5) қайырымдылық жасаушылар және / немесе меценаттар (бар болса) – 1-2 адам;

          6) бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі (бар болса) – 1 адам;

Мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарының Қамқоршылық кеңесінің құрамына:

     1) мектептен тыс ұйым білім алушыларының ата-аналары немесе заңды өкілдері – кемінде 3 адам;

     2) педагогикалық еңбек ардагерлері (бар болса) – 1 адам;

     3) жергілікті өкілдік, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері – 1-3 адам;

     4) үкіметтік емес (коммерциялық емес) ұйымдардың өкілдері – 1-2 адам;

     5) қайырымдылық жасаушылар және / немесе меценаттар (бар болса) – 1-2 адам;

     6) бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі (бар болса) – 1 адам;

     7) оқушылардың өзін – өзі басқару органдарының өкілдері – 1-2 адам.

Қағидалардың 9-тармағына сәйкес Үміткерлер Қамқоршылық кеңесті сайлау және оның құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау туралы хабарламада көрсетілген мерзімде Комиссияға мынадай құжаттар ұсынады:

     1) өтініш(еркін түрде);

     2) үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

     3) қазақ немесе орыс тілдеріндегі түйіндеме;

     4) білімі  туралы құжаттың көшірмесі (бар болса);

     5) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығының және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жоқтығын растайтын құжаттар.

     Үміткерлер өздерінің кәсіби (немесе) қоғамдық қызметі туралы қосымша мәліметтер ұсынады.

    Жоғарыда айтылғандардың негізінде Қамқоршылық кеңестің құрамына кіру үшін төменде көрсетілген байланыс деректері бойынша тиісті білім беру ұйымына жүгіну қажет. Ұсыныстарды қабылдау мерзімі ағымдағы жылдың 7-26қыркүйегі аралығында.

Білім беру ұйымдарының тізімі қоса беріледі. Анықтама телефоны:87182301497