Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру конкурсы
04-01-2024 08:47

           «Павлодар облысының білім беру басқармасы» мемлекеттік мекемесі ғылыми-техникалық, туризм және өлкетану, экологиялық-биологиялық, көркемдік-эстетикалық, әлеуметтік-педагогикалық, гуманитарлық, жаратылыстану-математикалық  сияқты білім беру бағдарламалары бойынша 04-10 қаңтар (қоса алғанда) аралығында 2024 жылға арналған 3330 орындық қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру конкурсына өтінімдерді қабылдау басталғаны туралы хабарлайды.

Құжаттарды өнім берушілер немесе уәкілетті өкілдері (дұрыс ресімделген сенімхат болған жағдайда) Павлодар облысының білім беру басқармасына, Қайырбаев көшесі 32, 428-кабинетке жұмыс күндері сағат 09-00-ден 18-30-ғадейін ұсынады.

Құжаттар нөмірленіп, байлану сондай-ақ сканерленген нұсқасы электрондық форматта болу керек.

Барлық сұрақтар бойынша аумақтық білім беру бөлімдеріне, білім беру басқармасына 8(7182) 323151 телефоны арқылы хабарласуға болады.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 485 бұйрығына сәйкес балаларды қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін ұйымдарды іріктеу оларда мынадай құжаттар болған кезде жүзеге асырылады:

      1) өтініш;

       2) заңды тұлға құрмай, қосымша білім беретін білім беру бағдарламаларын іске асыратын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, Ұйым Жарғысы (ереженің, құрылтай шартының);

      3) Ұйым пайдаланатын жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттар немесе жалдау шарты;

      4) Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасына сәйкес балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламалар;

      5) педагогикалық немесе кәсіптік білімі бар педагогтер;

      6) жоғары және бірінші санаттағы, педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші, педагог-шебер біліктілік санаттары бар педагогтердің олардың жалпы санынан педагогикалық құрамның жалпы санының кемінде 10 пайызы;

      7) қосымша білім беру саласындағы Ұйымның жұмыс тәжірибесі (жарғыға, құрылтай құжаттарымен, шарттармен);

      8) балаларға қосымша білім беру бойынша іске асырылатын білім беру бағдарламаларын көрсете отырып, ҰБДҚ ақпараттық жүйесінде тіркеу;

      9) рұқсаттар және хабарламалар туралы Заңға сәйкес эпидемиялық маңыздылығы болмашы объект қызметінің (пайдалануының) басталғаны және тоқтатылғаны туралы хабарлама;

      10) заңды тұлғаны немесе жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (сақтандыруларды) және оның техникалық сипаттамалары;

       11) санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22004 болып тіркелген) қосымша білім беру ұйымдарында күндізгі болу ұзақтығы төрт сағат және одан да көп болғанда балаларды тамақтандыруды ұйымдастыру;

      12) балалардың қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға құжаттарды тапсырғанға дейін кемінде бір ай бұрын мемлекеттік кірістер органдарында есепке алу жүргізілетін берешектің жоқ (болуы) екендігі туралы мәліметтер;

      13) өртке қарсы қауіпсіздік жүйелері;

       14) ҚРҮ№ 305 Қ-на сәйкес бейне мұрағатты 30 (отыз) тәуліктен кем емес сақтау мүмкіндігі бар бейнебақылау камералары.

Балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға үміткер ұйымдар мына құжаттарды ұсынады:

       1) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) заңды тұлға құрмай, қосымша білім беретін білім беру бағдарламаларын іске асыратын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, Ұйым жарғысының (ережесінің, құрылтай шартының) көшірмесі;

      3) Ұйым пайдаланатын жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттардың көшірмесі немесе ғимаратты жалдау шартының көшірмесі;

      4) балаларға арналған қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларының көшірмелері;

      5) педагогтік немесе тиісті бейіні бойынша өзге де кәсіптік білімі бар және білім алушыларды және (немесе) тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу, білім беру қызметін әдістемелік қолдау немесе ұйымдастыру бойынша педагогтің кәсіптік қызметін жүзеге асыратын, белгіленген үлгідегі білім туралы педагогтер құжаттарының көшірмелері;

      6) педагогтердің біліктілік деңгейі туралы құжаттардың көшірмелері бар штат кестесінің көшірмесі;

       7) Ұйымның жұмыс өтілін растайтын құжаттардың көшірмелері (болған жағдайда) (жарғыға сәйкес, құрылтай құжаттарымен, шарттармен) немесе Ұйымның жұмыс тәжірибесінің жоқтығы туралы хат;

      8) Ұйым басшысының қолымен және мөрімен куәландырылған бейнебақылау камераларын орналастыру схемасы;

      9) Ұйым басшысының қолымен және мөрімен куәландырылған және өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органмен келісілген Өрт кезіндегі эвакуациялау жоспарының схемасы.

 Мемлекеттік электрондық ақпараттық жүйелер ("электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы), Ұйымның интернет-ресурсы және ҰБДҚ арқылы Комиссия мынадай мәліметтердің болуын және негізділігін тексереді:

      1) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш негізінде балаларға қосымша білім беру бойынша жүзеге асырылатын білім беру бағдарламаларын көрсете отырып, ҰБДҚ ақпараттық жүйесінде тіркелу;

      2) Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңға сай эпидемиялық маңызы аз нысанның қызметінің (пайдалануының) басталғаны және тоқтатылғаны туралы хабарландыру;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңды тұлғаны немесе жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы анықтаманы, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтаманы тіркеу;

      4) күндізгі ұзақтығы төрт сағат және одан көп балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарында тамақтандыруды ұйымдастыру кезінде санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы бұйрыққа сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмесі болуы;

      5) балалардың қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға құжаттарды тапсырғанға дейін кемінде бір ай бұрын мемлекеттік кірістер органдарында есепке алу жүргізілетін берешектің жоқ (болуы) екендігі туралы мәліметтер.

 

 

 

Өтінім формасы
(қосымша білім беру ұйымының
бланкісіне толтырылады)
Балаларға қосымша білім
беруге мемлекеттік білім
беру тапсырысын орналастыру
жөніндегі комиссия төрағасына
С.О. Айтқазинаға

 

Өтініш

      Сізден ____________________________________________________

                                              (Ұйым атауы, БСН/ЖСН)

      Балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшінтізбеге енгізуді сұраймын.

      Осымен келесіні хабарлаймын:

      1) бағыттың, орын санын көрсете отырып  үйірменің атауы__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________;

      2) орналасқан жері _________________.

      3)тамақтың ұйымдастрылуы (ия/жоқ)  _____________________________

      Қосымша білім беру ұйымы балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру шеңберінде балаларды оқыту жөніндегі қызметтер үшін ата-анадан төлемақы алынбайды.

      Осы арқылы қосымша білім беру ұйымы:

      1) санитариялық-эпидемиологиялық, оның ішінде қосымша білім беру ұйымының нақты мүмкіндіктер шегінде балаларды қосымша білім беру ұйымына қабылдау жөніндегі талаптары;

      2) Балалар мен мүлікті қорғау мақсатында өрт қауіпсіздігі талаптары;

      3) қосымша білім беру ұйымдары қызметінің нормалары мен қағидалары бекітілсін.

      4) ай сайын ұлттық білім беру деректер базасында өзінің білім туралы ақпаратты:

      - білім алушылар;

      - педагогтер, оның ішінде олардың саны, білім деңгейі, біліктілігі, еңбек өтілі туралы;

      5) Қазақстан Республикасы заңнамасының білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі талаптары;

      6) балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырудың осы қағидаларының талаптары бекітілсін.

      Қосымша: конкурсқа қатысу үшін құжаттар ______ парақта.

      (Басшының Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)) ______________ (қолы)

      Толтырылған күні ______________